2018 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында Атырау облысының STEM мұғалімдеріне арналған оқу бағдарламаларын жаңарту және үш тілде оқытуды енгізу мәнмәтінінде педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында Британ Кеңесінің ұйымдастыруымен “English for Success” атты семинар-тренингінің ІІ кезеңі ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Н.Ғ.Аязбаева және «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бас маманы И.Т.Юсупова қатысып, сертификат иеленді.
Алдағы уақытта семинар-тренингтің қорытындысы негізінде қалалық, аудандық STEM мұғалімдеріне семинар-тренинг өткізілмек.
Семинар-тренингте «Active reading», «Active wirting», «Simulation», «Developing critical and creative thinking», «Problem based learning» тақырыптары қарастырылады.
Қаленова Г.С.
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,
баспасөз-хатшысы