Home » Жаңалықтар » «Үштілділік – уақыт талабы, заманауи білім беру қажеттілігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел

«Үштілділік – уақыт талабы, заманауи білім беру қажеттілігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының желілік жоспарына сай  «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымы пәндерін оқыту» кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 10 ақпанында «Үштілділік –уақыт талабы, заманауи білім беру қажеттілігі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім беру саласында үштілділікті басым бағыт ретінде ұстанудың қазіргі жайы мен болашағын талқылау, пікір алмасу, кәсіби қолдау көрсету.
Дөңгелек үстелде талқыланатын мәселе – пәнді ағылшын тілінде оқыту: ерекшеліктері, іске асыру мәселесі.
Дөңгелек үстелде білім беру ұйымдарының педагогтары өздерінің оқу процесіндегі пәнаралық байланысты қолдану және пәндік білімді оқытудағы кіріктірілген тәсілдер, оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту бойынша тәжірибе алмасты.
Дөңгелек үстелге  қатысушылар енгізіліп жатқан үштілді білім беру  бағдарламасы біздің елімізде жетілген қажеттілік өйткені, ғылым мен техниканың қарқынды даму деңгейі  әлемдегі шет тілдерін сапалы түрде еркін меңгеру үшін қажетті теориялық және практикалық білімді, машықтар мен дағдыларды қалыптастыру екені туралы бір тоқтамға келді.
Модератор облыстық дөңгелек үстел қатысушыларының сұрақтарына жауап бере келе, өз кезегінде, атап өткендей, бүгінгі таңда командалық оқыту, үштілдік білім беру жоспары  және CLIL тәсілдерін қолдану бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік құралы жасақталып жатқандығын айтып өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша  ұсыныстар қабылданды. Белсенді  және өз іс-тәжірибесімен бөліскен қатысушыларға Сертификаттар және Алғыс хаттар  табысталды. Қорытындылай келе, оқу процесінде пәндерді интеграциялауды қолдану және енгізу бойынша тәжірибелерді тарату және алдағы уақытта серіктестік құру мақсатында желілік қоғамдастық  құрудағы жұмысшы тобы ұйымдастырылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.