Home » Мақалалар » Үштілділік – заман талабы

Үштілділік – заман талабы

«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі»

Н.Ә. Назарбаев

18-22 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтында ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған «Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл» көрмесі өткізілді.

Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында кез-келген қазақ, тұтастай алғанда, ХХІ ғасырға лайық қасиеттерге ие болу керектігін атап өтті. Бұл, ең алдымен, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық.

Көрменің идеясы бағдарлама мақаласымен үйлеседі: қазіргі әлемде бірнеше тіл білу өміріміздің шекараларын байытады және кеңейтеді.

Мақсаты – білім беру жүйесіндегі көптілділікті дамыту мәселелері бойынша гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми циклі пәндері мұғалімдеріне, біліктілік арттыру курстары тыңдаушыларына әдістемелік көмек көрсету.

Көрмеде әртүрлі жас топтары үшін ағылшын тіліндегі заманауи әдістемелік құралдар кеңінен ұсынылды.

Облыс мектептерінің мұғалімдері көрме ұйымдастырғаны үшін Институтқа зор алғыс білдірді. Көрмені бағалау – француз философ-жазушысы Вольтердің: «Көп тілдерді білу – бір құлыптың көптеген кілттеріне ие болу» — деп айтқандай, мұғалімдердің пікірінде айқын көрініс тауып, зор маңызға ие болды.

Бухарбаева А.Н.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды

облысы бойынша ПҚ БА институтының кітапхана басшысы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.