Home » Балабақша » Үштілділік жарқын болашақтың кепілі

Үштілділік жарқын болашақтың кепілі

Білімі терең, жан-жақты жас ұрпақ еліміздің баға жетпес қазынасы. Бұл тұрғыда заман көшінен қалмай замануи ұрпақ тәрбиелеуде көш бастап келе жатқан  балабақшаның алар орны даусыз. 13 желтоқсан күні қаладағы №85 «Мейіржан» санаториялық балабақшасында «Үш тілділік- жарқын болашақтың кепілі» атты қалалық семинар өтті.
Семинарға қаламыздың. №38 «Шаттық», №70 «Құлыншақ», №92 «Жауқазын», №45 «Самұрық» №57, № 47 балабақшаларының меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.
Семинарды ашылу барысында балабақшамыздың меңгерушісі А.К Нартаева құттықтау сөз сөйлеп семинарды ашып берді. Келген қонақтармен балабақшамыздың психологы К.Н Баймусаева психологиялық тренинг өткізіп, екі ашық оқу қызметімен ертегі қойылымымен жалғасты. Ашық оқу қызметі орыс тілінде және ағылшын тілінде өтті. Ең бастысы балабақшаның кішкентай ғана тәрбиеленушілерінің көңіл күйлері де жақсы болды. Үш тілді меңгеруге ұмтылған балалар оқу қызметі өздерін еркін ұстап ойларын ашық айта білді.
Театрлық қойылым кезінде балалар үш тілде Мюзикл драмасының элементтерін пайдалана отырып , орыстың «Үйшік» ертегісін сахналап берді. Ертегіде балалар өз кейіпкерлерін  қызықты ойнады. Үш тілде сахналанған қойылымда әндер айтылып, биде биледі.
Балабақша тәрбиешілерінің алға қойған мақсаты — болашақ ұрпақтың үш тілді меңгеру, жарқын болашақтың кепілі рухани тілдік пәндер болғандықтан, оларды бірлікте ала отырып жүргізген топтағы іс-шаралар мен үш тілділікті қолдану. Осы мақсатты алға қоя отырып балалардың үш тілділікте зерттеушілік әрекеттерін дамытып, салыстыру, талдау, дәлелдеу сынды дағдыларын қалыптастыруға түрткі болдық.
Сондай-ақ, үндестіктерін табу, салыстыру жұмыстары балалардың қызығушылығын оятады.
Семинар соңында қонақтарымыз семинардан алған әсерлерімен бөлісіп,  балабақшамыздың тілек ағашына өз тілектерін жазып қалдырды. Ең бастысы К.Н Баймусаева А.К Каримова және инновациялық әдіскер Г.С.Абенова орыс тілі мамандары Э.Д Жармабаева А.Б Қалшабек ағылшын тілі мамандары: Н.У Ташболатова, А.О Смагулова тәрбиешілер Т.Қ Жахина, М Етекбаева, музыкалық жетекші А.А Ибраеваның атсалысуымен өткен семинарға әріптестеріміз өте жоғары деңгейде деген бағаларын берді.
Әрине, балаларымыз да төбелері көкке жетіп бір қуанды. Өйткені өз ана тілдерін еркін, орыс тілдерін және ағылшын тілде сөйлей ала бастағаны үшін өздерін бір үлкен еңбектің жемісі деп ойлады.

Абенова Гулмира Сартайқызы,
№85 «Мейіржан» санаториялық
балабақшасының инновациялық әдіскері.

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.