Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары

Үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары

Жоспар:

  1. Кіріспе бөлім

Тілге көзқарас — елге көзқарас.

  1. Негізгі бөлім

2.1 Үштілділік қазіргі заман талабы.

  • Үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары.

III. Қорытынды бөлім

“Үш тілді меңгеру — жарқын болашақтың кепілі”.

I Кіріспе

Қазақстанның тәуелсіз жолындағы күресі қазақ тілінің қоғамдағы лайықты орнын талап етуден басталған болатын. Қазақ тіліне мемлекет мәртебесін әперу оңай болған емес. Осы жолда қаншама тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Сөйтіп, елім, тілім деп күрес майданына шыққан көптеген асыл азаматтардың зор қажыр қайратының арқасында туған тіліміз өз тұғырына қонды. Бұл істердің қай — қайсысына болсын басы қасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болғанын тағы жақсы білесіңдер. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік тілімізде оймен бірге жетіліп, қолданыс аясын кеңейте түсті. Оның әрбір сатысынан Мемлекет басшысының қолтаңбасын көтеруге болады. Елбасы дәстүрге айналған жыл сайынғы Жолдауларында да, Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессияларында да мемлекеттік тіліміздің тірегі ретінде қазақ тілінің өрісін кеңейту, ел халқының мемлекеттік тіл ясына ұйысуын қадағалап, осыны ұдайы айтып келеді. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан ХалқыАссамблеясын құрғандағы мақсаты да ел халқын тұтастандыру болатын. Ол, әрине, мемлекеттік тіл арқылы іске асады. Сондықтан Қазақстан Халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілге қатысты жұмыстарын бұрынғыдан да қарқынды жүргізіп, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тіл аясында топтасуына ұйытқы болғандары жөн дегім келеді.

“Елбасының “Үш тұғырлы тіл” жобасы — ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. Осы жобаны түсіндіруде және іске асыруда түрлі жансақтықтарға жол беріп алып жатамыз. “Үш тұғырлы тіл”- қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Үш тұғырлы тілді желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес” – дейді.

2.1 Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі -мемлекеттік тіл, орыс тілі -ұлтаралық қарым қатынас тілі және ағылшын тілі -жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну тілі. Дәлірек айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Үштұғырлы тіл идеясын дамыту үшін мемлекет тарапынан еліміздің әр азаматына көптеген жағдайлар жасалынған. Елбасының дәстүрлі Жолдауынан кейін тіл саясатында да біраз тың өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, ұлттық терминологияны дамыту, мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұжырымдамасын әзірлеу, ағылшын тілін үйретудің курстарын ашу, мемлекеттік қызметке қабылданатын үміткерлерге мемлекеттік тілден тест тапсыру, қолданыстағы тіл туралы заңнамаларға “Тілдердің үштұғырлығы”, дәлірек айтқанда — үш тілдің бірлігі бойынша өзгерістер енгізу және тағы басқалар.

“Үш тілдің бірлігі” мәдени жобасы – үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қоданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу.

Қандай мемлекет болмасын оның, ең әуелі мән беріп, ұлықтайтын тілі, әрине, мемлекеттік тілі. Өйткені, мемлекттік тіл- әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші. Міне, осы бағытта еліміз, ең әуелі, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға күш салып отыр. Бұл мәселе тек қана қазақ халқының ғана емес, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің де алдында тұрған міндет.

Бүгінгі таңда тіл саясатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Атап айтқанда, нормативтік құқықтық және ғылыми лингвистикалық базаны одан әрі жетілдіру, мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау жүйесін дамыту, терминологиялық базаны қалыптастыру, тарихи атауларды қалпына келтіру, т.б. салалар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 

2.2. Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — өзінің сттратегиялық ойлау қабілетімен, саяси — экономикалық батыл қадамдарымен Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына енгізген, енді алғашқы  30- дың қатарына кіргізуді мақсат еткен әлемдік деңгейдегі, ірі саясаткер.

Жалпы Мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат – 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылуы керек. Бұл әрине өте үлкен мақсат. Бірақ бұл жетуге болатын мақсат екеіне көзіміз жетеді. Бұған Қазақстан -2030 даму стратегиясы куә. Қазақстан -2050 Стратегиясы бұл болашақ ұрпақтың қамы.

Болашақ бүгіннен басталады, ел болашағы ертеңгі азамат, бүгінгі жас ұрпақ. Бала тәрбиелеу болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек деген болатын Елбасы. Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып, сондай ақ жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлініп жатқаны  жасырын емес.

Әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық технологияны пайдалана білуі қажет. Бұл мәселе білім беруді ақпараттандырудың қажетті шартына айналып отыр. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр.

III. Қорытынды.

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының  XII құрылтайында Үш тұғырлы тіл туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында Тілдердің үш тұғырлығы атты мәдени жобаны кезең кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қарым қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну тілі. Дәлірек айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, «түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

 Кайпова Гулдана

Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы
№ 123 мектеп — лицейінің ағылшын пәні мұғалімі

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Америка ғалымының көзқарасы. Идея триединства языков вКазахстане правильна и будет способствовать развитию страны. // Казинформ.-15 мамыр. -2008 жыл.
  2. Кузьмин С,С.,Шадрин Н.Л Русско- английсктй словарь пословиц и поговорок. -М.: Русский язык,
  3. Колпакчи, М.А. Дружеские встречи с английским языком. – Ленинград, 1978ю
  4. Тен Т Трудности перевода. // “Карав” газеті.
  5. Президенттің Қазақстанхалқына Жолдауы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан». Астана, 28 сәуір. – 2007 жыл.
  6. Қалиев Ж., Мальцев В.С., Очаковская З.Н.. English – Ағылшын тілі. «Мектеп» баспасы,  Тәрбие.орг сайтынан Үштілділік білім беруді жүзеге асыру шарттары Баяндамалар материалдары тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.