Көкшетау қаласында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы облыстық әкімдікпен бірлесе өңірдің оқу орындары және туроператорлар жетекшілерімен кездесу өткізді.
Іс-шара шеңберінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК, Ақмола облысы әкімдігі және ҚР «Атамекен» ӨКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат оқушылар мен студенттер үшін Халықаралық мамандандырылған көрме мұрасының нысандарына мәдени-білім беру турларын ұйымдастыруды көздейді.
Сонымен қатар, болашақ энергия мұражайы «Нұр-Әлем» сферасының инновациялық алаңында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде физика, биология, география, тарих, туризм және басқа пәнедер бойынша «Kids Future Energy» мен «Students Future Energy» ашық сабақтарын өткізуге мүмкіндік береді.
Аталған сабақтардың форматы оқу бағдарламаларының нақты ортада көзбен шолуды жобалайды.
Кездесу барысында Ұлттық компания мен өңірлік туроператорлар арасында «Халықаралық мамандандырылған көрме нысандарының Ресми туроператоры» мәртебесін алу бойынша Меморандумға қол қойылып, туроператорлар мен оқу орындар арасында шарттар жасалды.
Қазіргі таңда көрме мұрасы қазақстандық туроператорлардың ерекше қызығушылығын оятуда, өйткені ЭКСПО-2017 еліміздің жаңа бренді болса, ал болашақ энергиясы символына айналған «Нұр Әлем» сферасы – Брюсселдің Атомиумы, Париждің Эйфел мұнарасы іспеттес. Бұл көрменің басты мұрасы еліміздің туристік нысандарының халықаралық стандартқа сай және де әлемдік туризм нысандарының сандықшасына енгендігі.
ЭКСПО-2017 көрме нысандары мұрасының қайта ашылу сәтінен бастап «Нұр Әлем» сферасына 13 мың және 2,7 студенттер келді. Бүгін балалар туризмі қарқынды дамып келеді және ол үшін республикада барлық алғышарттар бар.
Еске салатын жағдай, 2017 жылғы 11 қарашада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандары өз жұмысын қайта бастаған. Келем деушілерге өз есіктерін көрме кешенінің туристік аймағының «Нұр Әлем» сферасы – «Болашақ энериясы» мұражайы, Үздік тәжірибелер аймағы, Энергия холы мен Конгресс-орталығы ашты. Сондай-ақ, тәулік бойы 1000 автоорындық жерасты тұрағы жұмыс істеуде.