Home » Балабақша » Үшбұрыш. Бір – көп. Логикалық тапсырма.

Үшбұрыш. Бір – көп. Логикалық тапсырма.

Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бойымен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: әже, үлкен және кішкентай үшбұрыштар бейнеленген сурет, түрлі-түсті доптар.

Барысы.

Тәрбиеші: Балалар, бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіңдер ме!

Шаттық шеңбері.

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

  • Балалар, біз – бір отбасымыз. Бір шаңырақ астында тұрмыз. Деніміз сау болсын!

Есік қағылады. Есіктен  буратино кіреді. Қолында шелегі бар.

Буратино: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен мына шелектегі доптардың түстерін ажырата алмай тұрмын. Маған көмектесіңдерші.

Ойын: «Түстерді ажырату»

Буратино: Балалар, түстерді ажыратып көмектескендеріңе рахмет! Сау болыңдар, енді түстерді ажыратуды білетін болдым. 

Сергіту сәті.

Бір, екі, үш, біз жинаймыз күш,

Терезені ашамыз,

Таза ауа жұтамыз.

Ойын: «Үшбұрыштарды ұяшығына орналастыру»

Қорытынды.

Тәрбиеші:— Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Қандай пішінмен таныстық?

Біз кімге көмектестік?

  • Жарайсыңдар, балалар, бүгін барлығың да жақсы қатыстыңдар. Бір-бірімізге қол шапалақтап мадақтайық.

Қожақова Айман Жалғасбековна

№45 «Алтын бала» бөбекжайының

тәрбиешісі,

Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.