Тақырыбы: Сабақ 20 | Үшбұрыштар теңдігінің белгілері | ||||
Күні,айы: 16.11.2017 | Мұғалімнің аты-жөні: Ергебеков Е.И. | ||||
7 сынып | Сабаққа қатысқан оқушылар саны: | Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.1.1.21 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеу; 7.1.1.22 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану; | ||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: Үшбұрыштың теңдік белгілерін, және оны дәлелдеудің теоремаларын үйренеді. шбұрыштың теңдік белгілерін үйреніп, түрлі есептерге пайдалады | ||||
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты меңгереді анықтамаларды қолдану арқылы мәтінге арналған тапсырмаларды пайдаланады
| |||||
Кейбір оқушылар: Үшбұрыштар теңдігі белгілерін пайдалана отырып, үшбұрыштар теңдігін дәлелдей біледі жәнеізденушілік дағдыларын қалыптастырады. . | |||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған жұмыс | Ресурстар | |||
Сабақтың басы(1-5 минут) | (МК) Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу. Үй тапсырмасын тексеру Ой-қозғау. 1.Үшбұрыш дегеніміз не? 2.Үшбұрыштың негізгі элементтері 3.Үшбұрыштың бұрышына байланысты түрлері 4.Үшбұрыштың медианасы 5.Үшбұрыш биссектрисасы 6.Үшбұрыштың биіктігі 7. Үшбұрыштың периметрі
Дескриптор: — Сызба дұрыс сызылған — Медиана дұрыс жүргізілген — Биссектриса дұрыс жүргізілген — Биіктік дұрыс жүргізілген. | ||||
Сабақтың ортасы (6-34 минут) | } ABC және A’B’C’ үшбұрыштарының теңдігі былай жазылады: } ∆ABC=∆A’B’C’. Мұндағы AB=A’B’, BC=B’C’, AC=A’C’, ∠A=∠A’, ∠B=∠B’, ∠C=∠C’
} Үшбұрыштардың теңдігі орындалуы үшін осы алты шарттың да орындалуын көрсету керек. } Дегенмен олардың бәрін дәлелдеудің қажеті жоқ. } Сондықтан арнайы әдіспен үш жағдай таңдалып алынады. Осы жағдайларды үшбұрыштардың теңдік белгілері дейді. 1-теорема.(Үшбұрыштар теңдігінің 1-ші белгісі). Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады. ∆ABC=∆A’B’C’ берілсін. AB=A’B’, AC=A’C’, ∠A=∠A’ 1 теореманы дәлелдеу } Кесінділер теңдігіне сүйене отырып AB мен A’B’ кесінділерін беттестірсек, А мен A’, В мен B’ нүктелері дәл келеді деуге болады. } АВ түзуіне қатысты С нүктесі жатқан жарты жазықтықта АВ сәулесінен бастап ∠A=∠A’ болатын АС сәулесін табуға болады. } АС=A’C’болғандықтан, С’ нүктесі С нүктесімен беттеседі. } Нәтижесінде BC=B’C’ шығады. } Сол сияқты ∠B=∠B’, ∠C=∠C’. } Ендеше ∆ABC=∆A’B’C’ Теорема дәлелденді
Оқулықпен жұмыс. № 8.3 есеп. KL=NM=4см, 1-бұрыш 2-ші бұрышқа тең, KM=3см. LN ұзындығын тап.
M N 1
2 K L
Дескриптор: — Сызбаны дұрыс сызған — Үшбұрыштар теңдігін дұрыс пайдаланған — Есептің шешімі дұрыс табылған. Әр топқа жеке есептер беріліп. Қонақ әдісі арқылы басқа топтарға түсіндіріледі.
№3 ∆EFL=∆PQM екені белгілі. PQ=4,5cm, QM=7cm, MP=8,5cm болса, EFL үшбұрышының периметрі қандай болады. Дескриптор: — Сызба дұрыс сызылған — Периметрді табу формуласы — Шешімі дұрыс
| Оқулық
слайд | |||
Сабақтың соңы( 37-40мин) | Соңында интервью әдісі арқылы тақырыпты меңгеру және сабақты талдау. Оқушылар сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Үйге тапсырма №8.4, 8.5 | ||||
Қосымша ақпарат | |||||
Қорытындылау | Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? 2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
| |||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2. | |||||
Ергебеков Е.И.,
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылы,
«Қ.Әбдәлиев атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі