Home » Айтарым бар » Үлгі болар ұстазсыз!

Үлгі болар ұстазсыз!

Жаңаөзен қаласы ОШҮ-нің оқу ісінің меңгерушісі Битимова Тамара Дүйсенбайқызын келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Жаңа жылдың жақсылығы мол болсын. Отбасыңыз аман болып, еңбегіңізге сарқылмас шығармашылық тілеймін! Үздіксіз берген біліміңіздің арқасында білім министрі Е. Сағадиевтен «Алғыс хат», Облыс әкімі Е.Тоғжановтан «Үздік қосымша білім беру шебері-2017» атағын, 500 000 тг. көлемінде Сертификат алдыңыз. Республикадан «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ОЗАТЫ» төс белгісінің иегері атандыңыз. Сіз үшін біз қуаныштымыз. Алда алар асуларыңыз көп болсын. Кейінгі жас буындарға үлгі болар маман иесісіз.

Жүзіңіз жылы, жүрегіңіз мейірімді,
Сізден алды талай шәкірт білімді.
Сізден алған білімдері азық боп,
Бүгіндері театрдан орындары көрінді.

Еңбегіңіз адал, барша ұстаз біледі,
Жас мамандар сізге еліктеп жүреді.
Бүгіндері еңбегіңіз еленіп,
Халықаралық төс белгісі берілді.

Театр деп қанша терді төктіңіз,
Сол терменен қанша тұқым ектіңіз.
Шәкірттерің өсіп-өніп бүгінде,
«Үздік ұстаз» жеңісіне жеттіңіз!

Дюсегалиева Калыгыз Таженовна,
ОШҮ-не қарасты «Жұлдыз» аула клуб педагог-ұйымдастырушысы,
Жаңаөзен қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.