Home » Балабақша » Үлгі бойынша санау. 1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау, цифрды санмен

Үлгі бойынша санау. 1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау, цифрды санмен

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: ҚМҰҚ

салыстыру. Шар. Текше. «Алдымен-кейін» ұғымдарды қалыптастыру.

Мақсаты: Үлгі бойынша санауға және дәл сондай заттар санын айта білуге үйрету. Екі топтағы заттарды салыстырып үйрену; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету.

«Алдымен-кейін» ұғымдарын айыра білуге үйрету, осы сөздерді дұрыс қолдана білу. Шар, текше сияқты геометриялық пішіндермен таныстыру.

Билингвалдық компонент: 1-5 дейін орысша, ағылшынша санау, ән тыңдау.

Әдіс тәсілдері: көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, практикалық.

Құрал- жабдықтар:  әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі сандар, суреттер, «іздер», үлестіме материалдар, шарлар, текшелер, қарындаштар.

Сөздік: шар, текше.

Әрекет кезеңдеріТәрбиешінің әрекетіБалалардың әрекеті
Мотивациялық -қызығушылық

 

Ұйымдастырушыл

-ық ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық түзету

 

 

 

 

 

 

 

Таңғы шеңбер:

 Өлең: «Жаттығуды жасайық»

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Мына суретке қарайықшы: бұл не?

-Қазір қандай жыл мезгілі? Одан кейін?

-Жақсы, балалар, ал қыста ауаға шыққанды  сендер жақсы көресіңдер ме? Ендеше, біз бүгін қысқы серуенге шығайық. Ең алдымен, далада не жатыр? Қардың үстінде не болады?

-Сол іздермен бізде бүгін, қысқы саяхатты жасап көрейік. Бірақ біздің саяхатымыз жай емес, ол ғажайып тапсырмаларға толы, ал сендер бұл тапсырмаларды орындай аласыңдар ма? Міне бір іздер жатыр, сол іздермен жүрейік.

-Балалар, міне, қараңдаршы: 1-тапсырма:

Бұл қыстың белгілері, оларды біз санап көрейік.

2-тапсырма: Д\о: «Суретке сәйкес келетін цифрды тауып көрсету».

3-тапсырма: 1-5 дейін үш тілде санау.

Сергіту сәті: «Аңқайма, қайтала»

Қане, досым, аңқайма,

Менімен бірге қайтала.

Барша қимыл үш-үштен:

Көзіңді қыс үш рет: 1, 2, 3,

Басыңды еңкейіт үш рет: 1, 2, 3,

Иықты көтер үш рет: 1, 2, 3,

Солға-оңға иіл үш рет: 1, 2, 3,

Орнында секір үш рет: 1, 2, 3,

Ентігімізді басамыз және орнымызды табамыз.

-Балалар, қараңдаршы, тағы бір іздер жатыр, енді сол іздермен жүріп көрейік.

-Мынау не? Қарандаршы, балалар, міне мынау шеңбер, ал мынау шар. Шеңбер жалпақ, ал біз оны тек екі жағынан көре аламыз: алдынан және артынан. Егер оны алақанмен жапсақ, ол жасырынап қалады. Шарды біз барлық жағынан көреміз. Оның бұрыштары жоқ, сондықтан, дөңгелей алады. Ол көлемді, егер оны алақанымызбен жапсақ, бәрібір көрініп тұрады (ұқсайтын заттарды атау).

-Ал, мынау текше. Ол өздерің күн сайын ойнайтын кубиктерге ұқсайды. Бұл да көлемді пішін. Ол шаршыға ұқсайды. Біз шаршыны екі жағынан көреміз, ал текше барлық жағынан көрінеді. Текшенің де шаршы сияқты бұрыштары бар, оны домалатуға келмейді. Текшені алақан астына жасыруға болмайды. Текше неге ұқсайды?

-Ендеше, сендер шеңбер мен шаршыны алып, оны жасап көресіңдер.

4-тапсырма: «Пішінді жасап көр».

-Енді бәріміз шегелі тақтайшамен, шеңбермен шаршыны жасап көреміз.

Балалар, біз бүгінгі сабақта не істедік?

Қандай жаңа пішіндермен таныстық?

Қимылмен көрсетеді

 

-ағаштар.

-жыл мезгілдерін атап шығады.  «Алдымен-кейін» ұғымдарын пайдаланып.

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Балалар жүреді.

-суретке қарап, санайды және сәйкес санды көрсетеді;

-ойын мазмұнын  түсініп, жұмыс жасайды.

 

Сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жауаптарын айтады.

 

 

 

 

Балалар жұмысты орындайды.

Өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: сан қатарын, оларды ретімен орналастыруын.

Игереді: карточкамен жұмыс жасауын.

Меңгереді: шар, текше денелерін.

 

МУКЫШОВА Айгуль Тендыковна,

Кенжекөл ауылының

№20 сәбилер бақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.