Home » Ашық сабақтар » Үлгі бойынша санау. 1,2,3,4, цифрлары туралы өткенді пысықтау, цифрді санмен салыстыру «алдымен, кейін» ұғымдарын қалыптастыру

Үлгі бойынша санау. 1,2,3,4, цифрлары туралы өткенді пысықтау, цифрді санмен салыстыру «алдымен, кейін» ұғымдарын қалыптастыру

С.Ә. Сары

Астана қаласы, Н.Әбдіров атындағы

№33 «Балабақша-бастауыш мектеп»

кешенінің тәрбиешісі

Білім беру саласы: Таным, Қатынас.

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Мақсаты: балаларды есептеуге дайындау үшін өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамымен таныстыру, беске дейін есептік және реттік санауды бекіту. 2-4 сандарымен таныстыру заттарды өз тобына қосу, немесе көп заттан бір затты алу, «Қанша болды?», «Қанша қалды?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы екі тәсілмен теңсіздікті анықтай білуге уйрету.

Міндеттері:

Білімділік: 4 көлемінде сандық есептеу, заттарды санауға, санды ретімен және қорытынды санын айтуға, «барлығы неше?» деген сұраққа жауап беруді уйрету.

Дамытушылық: 4 көлемінде реттік санау және реттік санды атап «қайсы, нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту, танымдық ойын ойнату арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, есептеу дағдылары арқылы ойлау білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу, еңбексуйгіштікке, зейіншілдікке, тапқырлыққа тарбиелеу.

 Сөздік жұмыс: «Не жоқ? Не өзгерді? Қанша болды? Қанша қалды? Барлығы неше? Қайсы? Нешінші?»

Көрнекіліктер: суреттер, таңбалар, цифрлар, шарлар, уйшіктер.

Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбер, сұрақ-жауап көрсету, түсіндіру, дамытушы ойындар, санамақ, сергіту жаттығулар, тақпақтар айту.

Шаттық шеңбер.

Барлық балалар шеңберге тұрып, бір-бірімізді татулыққа, достыққа, мейірімділікке шақыра отырып, келген қонақтармен сәлемдесейік.

Шаттық шеңбер.

Күннің көзі ашылып,        

Көпке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басығой.

Ал қанекей баріміз

Сәлемдейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме?

Бүгінгі күн сәтті өтсін.

Ережелермен тыныстыру:

Бір-бірімізге бөгет жасамау.

— Қазір жылдың қай мезгілі?                                                                              

— Қандай ай?

— Бүгін аптаның қай күні?

— Балалар бір аптада неше күн саббаққа келеміз?

— Неше күн демаламыз?

— Балалар сендер қаншаға дейін санай білесіңдер?

Логикалық сұрақ:

а) Табақта үш алма

Қолымда екі алма

Біреуін әжеме берейін

Біреуін атама берейін

Екеуін беремін әкем мен анама, «Нешеу қалды?»

1 саны туралы білімдерін тиянақтау.

Ә) Қоянның неше құлағы бар? (2). 2 санының құрамын ажырату.

2 саны ол бірдің көршісі. Бір саннан кейін тұрады екі саны. (1+1=2).

Б) 3 саны ол екінің көршісі, яғни екі санынан кейін үш тұрады.

«Ойыншықтарға назар» (3) үш санының құрамын ажырату.

В) Суретке қарап төрт жыл мезгілін анықтап төрт санын көрсету. (4) төрт санының қүрамын ажырату.

Сергіту сәті:

Бір дегенде тұрайық,

Екі, үш, төрт алақанды соғайық.                             

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

Бес дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

Балаларға беске дейіңгі сандарды көрсете отырып, жолақтарға қоямын. Енді осы санды кім ретімен санап береді? 1,2,3,4,5 (1-2 балаға санатамын).

Балалар кім беске дейін санамақ айтады?

— Бір дегенім-бірлік

Онсыз болмас-тірлік

— Екі дегенім-еңбек

Еңбек бәрін-жеңбек

— Үш дегенім-үлес

Үлес ушін-күрес

— Төрт дегенім-терме

Тұрған жаксы-ерте

— Бес дегенім-белең

Сан үйреніп-келем.

Өте жаксы балалар, санамақты жақсы біледі екенсіңдер!

Күтілетін нәтиже: Нені білу керек? «5» санын танып ажыратып, ретін анықтай білу керек.

Нені игерді: «5» санын танып, ретін анықтай отырып, үстіне, астына, оң жағында, сол жағында ұғымдарын меңгерту.

Меңгерген дағдылары мен іскерлігі: тапсырмаларды дұрыс, тиянақты орындау барысында «5» санын толық танып, ретін анықтай білді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.