«Өз білгенін біреуге үйреткен кісі қайталау арқылы өз білімін нығайтумен қатар, өз ісіне үңілуге мүмкіндік алып, өзін де, өзгені де үйретіп отырады»
Ян Амос Каменский
Ұлттық мемлекеттің ұлы мұраттарының негізі мұғалімнің біліктілігі болып табылады. Мұғалім балаларды оқытып қана қоймай, алған білімдерін кәдеге асыра білуге үйрету басты міндетке айналып отыр. Мұғалімдер оқытудың үздік тәсілдерін меңгеріп, өз іс-әрекеті және инновациялық жолмен қолдана алатын игіліктің көзі саналатын педагогтардың біліктілігін арттыру курсы оң нәтижелі бағыт беруде.
Мұғалімдер жаңартылған бағдарлама курстарына барып жаңа форматта сабақ беруді үйренді, жаңаша оқытуды басшылыққа алып жұмыс жасауда. Адам баласы барлық нәрсені де жасай алады, «көз қорқақ, қол батыр» деген, ниеттенсең бәрі оңынан сара жолға түсетіні қақ. Атап айтсам, баланы сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойын еркін жеткізуге, өзгенің пікірімен келісуге топтық, жұптық жұмыстарға баулып сабақ өткізу ұстаз шеберлігімен тығыз байланысты. Орта білім беруді, түбегейлі жаңғыртуды Елбасы талап еткендей алға ұмтылыс қарқынмен жылжып келеді. Қазақстанның болашағы жастардың қолында деген сөзінің жаны бар екеніне мен де қосыламын.
Әрине осы сөзімді арқау ете отырып айтар болсам, мектептегі сабақтар жаңа бағытта өткізіліп, талдау жұмыстары да рефлексивтік жазба түйінімен қорытындыланып SWOT талдау нәтижелілігімен іске асуда. Мектептегі іс-шаралар да өз жалғасын тауып жаңашылдыққа бет бұрып жатқан жайы бар.
Осындай жұмыстардың белең ортасында жүрген жаңашыл ұстаз, үлгілі коуч, шебер тренер Султанова Зада Шаубалақызын ерекше мақтанышпен айта аламын.
Білімі – жоғары, еңбек өтілі – 21 жыл, жоғары санатты 1-ші (ілгері деңгей) бастауыш сынып мұғалімі және мектепте коуч-тренер.
1996 жылы 28 шілде айынан бастап Атырау облысы Жылой ауданындағы 1996 жылы №3 мектепте бастауыш класс мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
2001 жылы 1 қыркүйек айында мекенжайының өзгеруіне байланысты ҚР еңбек туралы заңының 28 бабына сәйкес жұмыстан өз еркімен босатылып, 2001 жылы 1 қыркүйек айында №47 бұйрықпен Бейнеу ауданы Боранқұл селосындағы Опорный орта мектебіне сурет және ән -саз мұғалімі болып қабылданды.
2002 жылы 1ақпан айынан бастап №61 бұйрықпен бастауыш сынып жетекшісі болып ауыстырылды. Осы жылдар аралығында ұстаз ретінде бала бағбаны атанып, оқушыларының тілін табуға тырысып, өз сабақтарында түрлі әдістерді қолданып шебер сынып жетекші бола білуге тырысты.
2010 жылы 1қыркүйек айында №48 бұйрықпен мектеп директорының тәрбие ісі жөнінің орынбасары қызметіне ауыстырылды.
2015жылы 1қыркүйек айында №79 бұйрықпен бастауыш оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2016 жылы 1 қыркүйек айында Тәжірибедегі рефлексия атты мектептегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренері болып тағайындалды.
Ұстаз ретінде ерінбей еңбектеніп, ізденіспен ілгерілеген еңбегінің арқасында құрметке бөленіп келе жатқан ұстаздардың бірі. Ол ұстаздық шеберліктің қыр-сырына
терең үйреніп сабақтарында жаңа технологияны қолданып келеді. Осының нәтижесінде шәкірттері байқау-сайыстарға қатысып жүлдегерлер атанды.
Білім мен тәрбие – егіз, сондықтан оқу мен тәрбие берудің түйіні ретінде оқушылары аудандық, облыстық жеңімпаз болып көрінуде.
Әр жылдарда жеткен жетістіктеріне қарай отырып, өзінің тынымсыз ізденісімен ерінбей еңбектерінің куәсі болып жүрмін.
2004 жылы Бейнеу аудандық білім беру бөлімінің «Жыл сынып жетекшісі- 2004» байқауында ІІ орын грамотасымен және обылыстық Жыл сынып жетекшісі байқауында ІІ орын дипломымен марапатталды .
2007 жылы аудандық Құрмет грамотасымен, 2010 жылы облыстық Құрмет грамотасымен марапатталды.
2010 жылы облыстық білім беру ұйымы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының жаңа педагогикалық технологияларының оқытудың нұсқаларын кеңінен қолданып, шығармашылықпен жұмыс істейтін талантты оқу ісі меңгерушілері, бірлестік жетекшілерін анықтау және озат тәжірибені тарату мақсатында «Үздік әдіскер-2010» байқауына қатысып, ІІ орын иеленді.
2011 жылы Нұр От ан Халықтық- Демократиялық партиясы Бейнеу аудандық филиалы алғыс хаты мен Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай марапатталды.
2011 жылы Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің білімдерін арттыру институтының Қоғамдық гуманитарлық әдістемесімен қамту кафедрасы мен тәрбие әдістемесімен қамту бөлімінің ұйымдастыруы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік талаптары контексіндегі гуманитарлық білім мен тәрбие» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Әлеуметтендіру аясындағы отбасы тәрбиесі» баяндамасы жинаққа енді.
2014 жылы «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз», «Сердце отданное детям» Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің үздік қызметкерлерінің жинақ кітабына шықты.
2012 жылы Жайлауы шұрайлы, қойнауы мұнайлы Боранқұл кітабына Боранқұл селосының 50 жылдығына арналған концерттік бағдарламаның сценарийін жазып, кітапта жарық көрді.
2012 жылы ауыл әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
2014 жылы Халықаралық интернет энциклопедиясына шығып, Member of the Encyclopedia «Teacher of Kazakhstan» Қазақстан мұғалімі сертификатымен марапатталды.
2014 жылы Республикалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиадасына қатысып сертификатпен және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қатысып сертификат алды.
2014 жылы үздік мамандарға арналған Uzdikter.biz сайтында 10 мақаласы жарық көреді. 2015 жылы www.45minut.kz сайтында өткізген сабақтары қазақ тілінен Қыстырма сөз, әдебиет пәнінен Қолғабыс және Жаңарған мектеп мақаласы жарияланып, сертификатпен марапатталды.
2012-2015 жылдарда «Маңғыстау мұғалімі» газеті, Бейнеу аудандық «Рауан» газеті және онлайн сайттарында мақалалары жарияланып жүр.
27 ақпан 2017 жыл №04(176) «Республикалық 45munut.kz»газетіне «Жаңартылған бағдарлама жаңалықтың жаршысы» атты мақаласы және «Бүгінгі әлем ұстазы» деп аталатын Г. Сапарованың З. Султанова туралы жазған мақаласы жарық көрді.
27 наурыз 2017 жыл №06 (177) «Республикалық 45munut.kz» газетіне «Бүгінгі күні ерекше жан» тақырыбында Бейнеу гимназия мұғалімі Қарлыға Садықова туралы жазылған мақаласы және «Мұғалім- мәртебелі мамандық» деп аталатын мақаласы, әріптесі Г. Сапарова туралы жазған туындысы жарық көрді.
2015 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші(ілгері) деңгей мұғалімдерін оқыту курсын толық аяқтап, сертификатқа иеленді.
2016 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Тәжірибедегі рефлексия жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсын толық аяқтады.
2016 оқу жылы бұйрық №57нқ «26» тамыз Мектептегі рефлексия курсын ұйымдастыру туралы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуын жетілдіру мақсатында мектеп тренері болып 16 тыңдаушыға дәріс берді. 2017 оқу жылы бұйрық №38нқ «17» сәуір Мектептегі рефлексия курсын аяқтау туралы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуын жетілдіру мақсатында бағдарламаға сай 100 академиялық сағат көлеміндегі мектепішілік курсты толық аяқтағандығы үшін 16 тыңдаушыға ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен үлгі бойынша куәлік тапсырылды. Мектептің коуч-тренері ретінде еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2017 жылы 21 ақпан «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы бойынша «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сабақ көлемінде оқыту» курсын аяқтағандығы туралы сертификат алды.
2017жылы 1 тамызда Астана қаласы Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты тренингке қатысып «БАҚ және ӘЛЕУМЕТТІК желімен жұмыс тәсілдерін меңгергендігі» туралы Сертификатты иеленді. Осы «Білім айнасы» газетімен тығыз жұмыс жасайтынына сенімдімін.
Ол Опорный орта мектебімізде өткен педагогикалық кеңесте «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үш айлық курс және тренерлік курс арқылы үйреніп жаңашылдықпен шәкірттерді де алған білімін өмірлік тәжірибеде қолдана алатын, өзінің болашағына сеніммен қарайтын игіліктерді игертеміз. Болашақта өз әріптестеріме тренер ретінде өзін-өзі басқару, дарынды оқушыны анықтау, жаңаша оқытуды сабаққа қолданып, шәкірттерді білімді де саналы азамат болуына мектеп мұғалімдеріне базалық деңгей бойынша дәріс беріп, егеменді еліміздің патриотты ұрпағын тәрбиелеуге өз үлесімді қосамын» деген болатын. Міне мақсатына жетіп, 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша «Тәжірибедегі рефлексия» курсына 16 тыңдаушыны алғашқы курс қарлығаштары етіп ұшырды. Бұрын 11 деңгейлік курстан өткен мұғалімдер бар еді, қазір 16 мұғалім қосылып 27 мұғалім болып толықты. Біз үшін үлкен жетістік. Биылғы оқу жылынан 14 мұғалім өтініштерін беріп толыққанды осы курсқа қатыспақшы. Әріптесімнің әр қадамына сәттілік тілеймін. Ортада сыйлы, әріптестеріне беделді, тәжірибесі мол ұстаз деп мақтанышпен айта аламын. Үлгілі коуч, шебер тренер, жаңашыл ұстаз Султанова Зада Шаубалақызына шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін. Көшбасшылық қызметіне әрдайым жетістік, әр қадамына сәттілік, отбасына Алла берекені нәсіп етсін.
Султанова Зада Шаубалақызы қарқынды еңбек, үздіксіз ізденіс арқасында әріптестері арасында үздіксіз еңбек етіп, алдағы уақытта да педагогикалық қызметінде тың табыстарға жететініне сенімім мол..
Баймұқанова Гүлжан Асқарқызы,
Опорный орта
мектебінің 3 базалық деңгей,
мектепалды дайындық
сыныбының мұғалімі,
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы