Home » Балабақша » Үй жануарлары

Үй жануарлары

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу әс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты: — үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; — табиғатқа, ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу; — танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.

Билингвальды компонент: қой – баран, ешкі – козел, жылқы – лошадь, сиыр – корова, түйе – верблюд.

Қажетті құралдар: үй жануарларының суреті, үлестірмелі материалдар, дидактикалық ойындар, уй жануарларының даусы, сиқырлы қорапша.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге біреу хабарлама тастап кеткен сияқты. Хабарламаны тыңдап көреміз бе?

Балалар: Ия.

Үнтаспа қосылады, атай сөйлейді.

Атай: Сәлеметсіздер ме балалар! Менің бағып отырған үй жануарларым жоғалып кетті. Сендерден көмек сұрап хабарласып тұрмын. Сіздер маған көмектесесіңдер ме? Сіздерге көмек болу үшін жол картасын қоса салып жібердім. Осы картаға қарап іздестіріп бастасаңдар болады. Ал, балалар кездескенше. Егер тауып жатсаңдар хабарлама тастап кетерсіздер.

Тәрбиеші: Балалар атайға көмектесеміз бе?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Ендеше мен тақтаға уй жануарлырының суретін ілемін. Балалар тақтаға назар аударайық.

Сұрақтар:

  • Мынау қандай жануар?
  • Уй жануарлары қайда тұрады?
  • Қойдың түсі қандай?
  • Уй жануарларын айыра аламыз ба?

Балалардың жауаптырын толықтырады.

Тәрбиеші: Балалар мен тақтаға атайдың бізге жіберген жол картасын ілемін. Біз сол жол картасы арқылы әр түрлі тапсырмаларды орындайтын боламыз.

1-тапсырма:

«Үй жануарларының дауысын тап?» дидактикалық ойыны.

Үнтаспа қосылады, үй жануарларының дауысын кезекпен балалар тыңдайды. Балалар қай жануардың дауысы екенін табады. Ойын әрі қарай жалғасады.

Тәрбиеші: Балалар біз бірінші тапсырманы дұрыс орындадық. Енді жол картада жасырынған суретті ашайық. Бұл ненің суреті екен балалар?

Балалар: Түйенің суреті.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар дұрыс. Енді келесі тапсырмаға көшейік.

2-тапсырма:

«Үй жануарларын тап?» дидактикалық ойыны.

Әр баланың алдына уй жануарлары және де басқа заттардың суреті бейнеленген қағаз таратылады. Балалар алдында тұрған қарандашпен үй жануарларын қоршап шығады.

Тәрбиеші: Балалар біз атайдың берген екінші тапсырмасын да өте жақсы орындап шықтық. Ендеше жасырынған келесі суретті ашайық. Балалар бұл қандай жануар?

Балалар: Жылқы.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Келесі тапсырмаға көшейік. Балалар қанекей бәріміз орнымыздан тұрып бір серігіп алайық. Ол үшін бәріміз экранға назар аударайық.

3-тапсырма:

Сергіту сәті.

«Көңілді қимылдар».

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасайық. Жасырынған суретті ашайық. Балалар бұл қай жануардың суреті?

Балалар: Сиырдың суреті.

Тәрбиеші: Өте дұрыс. Балалар енді келесі тапсырмаға көшейік.

4-тапсырма:

«Көлеңкесін тап?» дидактикалық ойыны.

Балалар үй жануарлары бейнеленген қағаздан қай жануардың көлеңкесі екенін тауып, өз орнына орналастырып шығады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар атайдың берген тапсырмаларын дұрыс орындап келе жатрсындар. Енді кезекті суретті ашайық. Бұл қай жануар?

Балалар: Ешкі.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Атайдың соңғы тапсырмасына да келіп жеттік.

5-тапсырма:

«Сиқырлы қорапша» ойыны.

Тақтаға бір бала шығады, сиқырлы қорапшаның ішіндегі бір ойыншықты алып, қандай жануар екенін, сипап сезу арқылы, қай жануар екенін табады. Ойын әрі қарай жалғасады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, біз жол картасынын соңғы тапсырмасына да келіп жеттік. Енді соңғы жануарды ашу ғана қалды. Балалар бұл қандай жануар екен?

Балалар: Қой.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендер барлық тапсырманы өте жақсы орындап, жасырынған үй жануарларын дұрыс таптыңдар. Атайдың сендерге арнаған тосын сыйы бар. Бұл сендерге топқа ойнайтын үй жануарларының муляждары.

Сұрақтар:

  • Балалар атайдың берген тапсырмалары ұнады ма?
  • Үй жануарларын атайық?
  • Балалар сендерге тосын сый ұнады ма?
  • Түйенің неше өркеші бар?

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: үй жануарларының түрлерін, толық атауын.

Нені игеру керек: қастық жасамау керектігін, тірі табиғат екендігін.

Нені меңгереді: үй жануарларының ден мүшелерін.

Ниязова Жансая Қуатбайқызы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Болашақ»бөбекжайы» МКҚК

тәрбиеші

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.