Home » Ашық сабақтар » Үй жануарлары

Үй жануарлары

П.Ж. Бейсенбекова

Астана қаласы, Н.Әбдіров атындағы

№33 «Балабақша-бастауыш мектеп» кешені

 Білім беру саласы: қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: тіл дамыту.

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасының маңыздылығы туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір-бірімен ажыратуға, зейін қойып тындауға үйрету. Үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал- мәтелдер айтқызу, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың еңбектерін бізге пайдасын айтып тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: жанурлардың  суреттері.

Алынатын өнімдер: айран, сүт, ірімшік, май, құрт.

Тәрбиеші:

Амандасу – адамгершіліктің әдептіліктің баспалдағы, сондықтан да алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Қуанамын мен де

Қуанасың сенде

Қарсы алайық достарым

Келді қонақтар бізге

Сәлем бердік сіздерге

Тәрбиеші:

  • Балалар қазір жылдың кай мезгілі ?
  • Қыс мезгілінде неше ай бар ?
  • Қыс мезгілде қандай өзгерістер болады ?
  • Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсындар ?

Өте жаксы жарайсыңдар.

  • Балалар, тыңдаңдаршы нелердің дауысы?
  • Дұрыс айтасыңдар балалар, жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі.

Үй жануарлары деп атайды сонымен бірге ит пен мысық та жатады. Мысық ол үйде турады, ал ит далада үйшікте тұрады. Ит жеті қазынаның бірі.

  • Балалар, сендерді ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?

Балалар: ботақаным, құлыным, қозым, қошақаным.

Сендерді ата-әжелерің жаксы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен. Қандай тамаша!

Ән:  «Қошақаным».

Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар түйе, жылқы, сиыр, қой ешкі

Түйенің баласы – бота

Сиырдың баласы – бұзау

Қойдың баласы – қозы

Ешкінің баласы – лақ

Жылқының баласы – құлыншақ.

                                

Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз ,киімін киеміз сиырдың, қойдың сүтінен май, құрт айран, ірімшік жасайды. Адамдар оларға қамқорлық көрсетеді. Шөп, су, жем береді. Көптеген күтім жасайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.Осы кезде боран соғып есік ашылады (бақташы ата кіреді)

Бақташы ата: Амансындар ма, балалар, кешіріңіздер бұл қай жер екен?

Балалар: Балабақша!

— Қандай балабақша ?

Балалар: №33 Н.Әбдіров атындағы балабақша.

Мен боранда ығып кеткен төлдерімді іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсендер сыйлығым бар.

Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.

Бақташы ата: Жарайды мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Шешуін кім табады екен .

Кішке ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (Қой)

Кезекті бір жауар

Үстінде екі тауы бар  (Түйе)

Басында екі тайағы бар

Төрт аяғы бар

Бірақ тағы сақалы бар.( Ешкі

Тәрбиеші: Ата уайымдамаңыз төлдеріңіз табылады (сергіту сәтін орындау).

Мен өргешті түйемін

Басымды жерге иемін

Маң-маң басып даланы

Жантақ жеуді сүйемін

Ата : Жарайсындар, балалар! Көңілім көтеріліп серігіп қалдым.

Тәрбиеші: Енді балалар, бақташы атамызға тақпақ айтып берейік.

Нұрдос:

Ақ бұзауым ұнайды,

Мө-мө деп сүт сұрайды.

Келеді өсіп күн сайын

Тұмсығын созып қарайды

Тілімен мұрнын жалайды.

Іңкәр:

Кіп-кішкене момақан,

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп

Қошақаным өзім деп

Аяна:

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектеме деміңді ал

Селтемдеме құлағым.

Ясын:

Айналайын ботам,

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ

Теріп жейсің жантақ.

Бақташы ата: Балаларым, менің төлдерімнің дауысына ұқсайды. Мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін, ауылдан әжелерің беріп жіберді. Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен  қоштасайық.

Біз ақылды баламыз.

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа

Сау болыңыз деп айтамыз!

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: көбірек жаңылтпаш білу.

Игереді: жануарлардың дауысын салуды.

Меңгереді: жануарлардың төлдерін ажыратуды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.