Білім беру саласы; Қатынас
Оқу іс- әрекеті; Тіл дамыту
Мақсаты;Үй жануарлармен таныстыру,төлдерін атай беруге үйрету.Жануарлар жазылған үн таспа.Жануарлар қалай дыбыстайды?» сұрағына жауап беруді үйрету.
Көрнекіліктер; Үй жануарлар бейнеленген сурет, Жануарлардың ойыншығы (сиыр, жылқы, қой, түйе). Слайд, Жануарлардан алынған өнімдер, сиыр макеті.
Сөздік жұмыс; мөңірейді, маңырайды.
Іс- әрекет кезеңдер; Тәрбиешінің әрекеті, балалардың әрекеті.
Мативациялық-қызығушылық; Балаларды шеңберге тұрғызыу.
Жылулық шеңбер.
Атам мені құлыным дейді
Әжем мені ботам дейді
Әкем мені шырағым дейді
Апам мені қозым дейді
Ал шынында мен кіммін
Мен дарынды баламын.
Балалардың көңілін суретке аударады.
- Мынау сиыр
- Мынау жылқы
- Мынау қой
- Мынау түйе. Бұлар үй жануарлары.Себебі оларды адамдар бағады, күтеді.Олардың сүті, еті- тамақ,жүні терісі- киім.
Суреттен көрсетіп, аттың, сиырдың,қойдың,түйенің түстерін,неше аяғы барын сұрайды,
- Топта балалар жануарлар ойыншықтары бар мекен? (көрсетеді,оларды сипаттауды сұрайды,)
- Мынау –сиыр, түсі ала,үлкен,мүйізі бар т.б
Ұйымдастырушылық ізденістік; әкелген ат, түйе, қой, сиыр ойыншықтарын алып,осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.
- Қой « мә- мә» маңырайды.
Сиыр « мө- мө» мөңірейді.
Түйе « бө- бө» боздайды.
Жылқы «иһо — иһо» кісінейді.
Балаларға даустарын айтқызып қайталатады.Төлдерімен таныстыру.
Мынау қозы
Мынау бұзау
Мынау бота - Мынау құлын.
Төлдері туралы тақпақ айтқызады.
Ернияз
Қой сүйеді баласын: Қоңырым — деп,
Ештеңені білмейтін момыным — деп.
Айару
Сиыр сүйеді баласын: Торпағым — деп,
Қараңғыға баспаған Қорқағым! — деп.
Аслан
Түйе сүйеді баласын «боташым»,- деп,
«Жәудіріген көзіңнен «тоташым»,- деп.
Кәусар
Жылқы сүйеді баласын «құлыным»- деп,
«Тұлпар болып жүгірген жұрыным»- деп.
Сергіту сәті
Ақ сиырым ұнайды.
Мө – мө деп сұрайды.
Келеді өрістен күн сайын,
Тұмсығын созып сұрайды.
Балалар енді міне сиырымызға шөп берейік қарны ашып қалыпты.
- Дидактикалық ойын «Төлдерін тап»
Ойын шарты: Сурет бойынша төлдерді өз енелерімен сәйкестендіру.
- Дидактикалық ойын «Даусынан таны»
- Ойын шарты: экраннан жасырылған дыбысты қай жануардың даусы екенін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй жануарларының аттарын:
Игереді: Сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;
Меңгереді: Үй жануарының пайдасы туралы түсінікті.
Балалар енді келген қонақтармен қоштасамыз
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз айтамыз.
Досмуратова Меруерт Шакизадаевна
Степногорск қаласы
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы
тәрбиеші