Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Денсаулық»
Оқу іс-әрекеті: сөйлеуді дамыту, жаратылыстану, дене тәрбиесі.
Мақсаты: Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру. Сиыр және төлі жайлы түсінік беру. Балаларды үй жануары – сиырға қамқорлық жасауға және іс-қимыл жасау арқылы денсаулықтарын нығайту.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекілігі: суреттер, үй жануарлары.
Сөздік жұмыс: сиыр, бұзау.
Әрекет кезеңдер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдас-тырушылық ізденушілік | Шаттық шеңбері: Біз – ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз. Тәрбиеші апайдан Тәлім-тәрбие аламыз Саламатсыздар ма, апайлар! — Жарайсыңдар, балалар! — Балалар, мына суретке назар аударайық, суретте біз үй жануарларын көріп тұрмыз. — Неліктен “үй жануары” деп атаймыз? — Өйткен олардың үйде бағып өсіреміз. Адамға пайдасы көп – етін, сүтін, жүнін, терісін, күші арқылы адамға пайда келтіретін болғандықтан “үй жануарлары” дейміз. Енді, балалар, үй жануарларының ішінде сиырға тоқталамыз. Сиырдан алатын пайдалы өнімдерді айту. — Сиыр қандай дыбыс шығарады? — Сиыр мөңірейді. Сиырдың баласын қалай атаймыз? Сиыр түсі қандай? Ғажайып сәт. — Балалар, естідіңдер ме? — Бұл ненің даусы? — Сиырдың даусы — Балалар дауыс шыққан жаққа барайық. Сиырды көзімізбен көру үшін Әжеміздің үйіне барайық. Кедергілерден өту 1. Көпірден өту. 2. Доғаның астымен өту. — Балалар, біз дыбыс шыққан жағына келдік. Әже: Саламатсыңдар ма, балаларым! Тәрбиеші: Әже, біз балалармен үй жануарларын көруге келдік, оның ішінде сиыр туралы балалардың білгісі келеді. Әже: Ендеше қораға барайық . — Мынау – сиыр, ал мынау – төлі, төлін бұзау деп атаймыз. — Сиыр жем, шөп жейді. Біз адамдар малдарға қамқор болуымыз керек. Әже: Балалар, сендер қонақ болып кетіңдер. Дастарханда сүт, қаймақ, айран, құрт-ірімшік, т/б Тәрбиеші: Балалар да құр қол келген жоқ. Музыка ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау Айналайын, торпағым Бола берме қорқағым. Тар болып тұр аула Тысқа шықта заула. — Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте жақсы тәртіпті, ақылды балалар болдыңдар. | Өлеңнің ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау
«Мө-мө»
бұзау қара
сиыр
Саламатсыз ба, Әже!
Балалар бірге қайталайды |
Рефлексиялық-түзетушілік | Сұрақ – жауап арқылы үйренгендерін пысықтау. Балаларды мақтап, мадақтау. | Балалардың жауаптары тыңдалады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сиыр малының қандай пайдасы бар екенін;
Игереді: сиыр және оның төлі туралы білімді.
Меңгереді: оларға күтім жасауды.
Агибаева А.
МКҚК «Айгүл» балабақшасы, тәрбиеші
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы