Home » Жаңалықтар » ҮЙРЕНУ — ҮЙРЕТУШІНІҢ ЕҢБЕГІ

ҮЙРЕНУ — ҮЙРЕТУШІНІҢ ЕҢБЕГІ

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту болғандықтан критериалды бағалау жүйесін кіріктірді. Критериалды бағалау оқушыға, ата-анаға, мұғалімге айқын, шынайы бағалау болып табылады. Оқушылар білімін критериалдық бағалау — оқыту мен білім беруге деген әртүрлі тәсілдерді пайдалануға, оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингісін уақытылы жүргізуге, мұғалімге сабақты қажетті мазмұнмен толтыруға мүмкіндік береді, оқушылардың оқуға деген уәждерін арттырады, оқытудың заманауи әдістерін біріктіреді. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Экономикамыз қарқынды дамып жатқанда білім бөлімі мазмұнының жаңаруы да себепті іс. Кез-келген істі бастау оңай жұмыс емес, сондықтан жаңашыл рухани өмірдің мәнін түсіндіру — жас ұрпақтан бастау басталып, болашақтан маңызын көру деп түсінеміз.

Ұрпақ дамып жатыр. Дамыған елге дамытушы ұрпақ дайындау тағы да ұстаздың еншісінде. Бұл  бағдарламаның маңызы да осында. Яғни даму оңайдан қиынға қарай дамыту екенін түсіндік.

Иә, бұл жаңалықты жан-жақты талқылап, оны үйрету үлкен жұмыс. Дегенмен, «ӨРЛЕУ» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының жаңартылған бағдарламасы бойынша үш апталық курсында ел-елден келген «мен, мен» деп ентелей бітер іске «қосшымын» деп өз үлесін, қоса отырып «үйренермін» деп келген әрбір ұстаздың жүрегінен жол ашуда.

Білімді ұрпақ қашан да  маңызды. Біз үйренушілер «Өрлеудің» жаңартылған  бағдарламаны оқытудағы қарқынды істердегі үлесі ұшан теңіз екенін көрудеміз. Әсіресе, оны ұжымның маманы Меруерт Медетбекованың әрбір жаңарту бағдарламасын жан-жақты талдай түсудегі өзіндік жан-жақты талдай түсіндірудегі өзіндік ерекше әдісіне тәнті болдық. Иә, бұл да бір бағдарламаның ең  бір қарапайым бірақ қажетті межеге жеткізудің бір әдісі екенін түсінудеміз. Олай болса, үйрену-үйретушінің еңбегі. Біз ұстаздар әрбір ісіміз үйрену мен үйретуден тұратынын ұғынудамыз.

Рухани баю-ұрпақ жетістігі. Бұл сізден басталады – ұстаз.

Ақылбекова Қарлығаш Дүйсенбайқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,

№18 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.