Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру — болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Кітап білім бұлағы» кіші жобасын жүзеге асыруда колледж білім алушыларын кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ынталандыру, кітап оқуды насихаттау мақсатында «Лидер Reader-2018» іс-шарасын ұйымдастыру қолға алынған болатын. Бұл іс – шараның мақсаты білім алушылардың арасында кітаптың білім таратудағы маңыздылығы мен оны сақтаудың құралы екенін айқындау. Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, сапалы білім, саналы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіре отырып, оларды адамгершілікке, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу;
— Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының негізінде олардың шығармашылық қабілеттерін, көркем әдебиетке деген қызығушылығын дамыту;
— ізгілікке және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру болып табылады.
Колледжіміздің Ғылым, тәрбие және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы М.Кыдырбаевтың бастамасымен, «Лидер Reader-2018» іс-шарасының жоспары мен ережесіне сәйкес өткізіліп бір айдың көлемінде кітапханаға келген білім алушылардың ішінен ең үздік 13 оқырманды анықтап және үздіктерді қорытынды бойынша колледжішілік жиында марапаттады;
Колледжіміз әр бір оқырманына рухани жаңғыру аясында мемлекетімізге кішкентай болса да үлес қосу арқылы тарих қойнауына саяхат жасауға мүмкіндік жасай алды.
Болашақ ұлтты, мемлекетті қалыптастырушы жастарымыз рухани сусындауы үшін ұстаздардың еңбегі ерен болмақ!
Болашақ жастардың қолында! Жалында, жас ұрпақ!
Н.С. Исалиева,
Сарыағаш көпсалалы колледжінің оқытушысы