Білім беру жүйесі — қоғам дамуының негізгі бәсекеге қабілетті ел болуы үшін қазіргі өмір талаптарына сай оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оларды жан-жақты дамытып қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Педогогтардың қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру,үздік мұғалімдердің озық педогогикалық іс-тәжірибесін арттыру мақсатында Арыс қаласы «Білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің жоспары бойынша, Облыстық жалпы білім беру ұйымдарының Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің инновациялық кәсібін мәнді айқындау және тарату мақсатында «Үздік Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі» тақырыбында облыстық байқауға іріктеу болып өтті. Мұғалім жан-жақты, жетілген, білімді, әдістемелік шығармашылығы мол, халықтық дәстүр,әдеп –ғұрыппен салт сананы кәсіби түрде меңгеру тиіс болса,байқауда бес критерии бойынша тапсырмалар берілді. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру үшін іздене жүріп,өз тәсілдерін ортаға салған үзік жаңашыл ұстаздардың еңбегі еленіп марапатталды. Бүгінгі байқау жайлы Арыс ауданы «білім бөлімінің» әдіскер маманы Амина Мұхаметқызы жылы лебізін білдірді.
Байқау нәтижесінде: «Үздік Өзін-өзі танушы» мұғалімдері арнаулы номинациялармен марапатталып үздік бірінші орынды № 2 Бастауыш мектебінің мұғалімі Ф.Жунисова алып облыстық кезеңге жолдама алды.
Қазіргі талаптың басты міндеті-мамандардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мен біліктілігін арттыруда болса.Өзін-өзі тану пән әдіскері Амина Мұхаметқызының ұйымдастырушылығы мен мұғалім әдістемесін шыңдауда қосқан үлесі зор. Әрбір іс-шара,семинарларды сондай –ақ мұғалімдердің тәжірибие алмасудағы десанттық сабақтар ұйымдастырып, мұғалімдердің біліктілігін арттыруда.Аяулы ана, асыл жар, сонымен қатар өз саласының үздік әдіскеріне айтар алғысымды осы бір өлең шумақтарын арнағым келеді
Арнау
Жақсылықты қалайды жүрегіңіз,
Нұрға бөлеу ғаламды тілегіңіз,
Ұстаздардың біліміне үлес қосқан,
Амина, нұрлы ұстаздың бірі едіңіз!
Жаныңыз ақиқатпен егіз еді,
Біліміңіз-дария, теңіз еді,
Шынайы риасыз сүйіспеншілік,
Дұрыс әрекет-өмірдің негізі еді.
Рухани құндылыққа талаптандық,
Сіз үйреткен бағыттарды саптадық.
5 “Т”бес ереже бар біз үйренген,Тыныштық,
татулық,Тазалық,Талап,Тәртіп!
Білімді ұстаз жоғары талғамыңыз,
Ізгілікпен астасқан арманыңыз.
Аудандық ұстаздарға түсіндіндіріп,
“Құндылықтар ағашын” талдадық біз.
Амина біліктілік бар жадыңызда,
Жақсыдан дос жинапсыз жаныңызға.
Ұлағатты ұстаздарға жаны сұлу,
Келесіз бағыт беріп баршамызға.
Алға басып ойлаған мақсатымыз,
Құндылықтар меңгерту басты ісіміз.
“Өзін-өзі тану”, ар-ұждан пәні еді,
Білімменен ұштасатын әр ісіміз.
Тілектес дос көп болсын қасыңызда,
Облыстан жүлдеменен оралатын.
Үміт артқан ұстаздар шыңдалсында,
Үстем болсын мерейіңіз расында
Осындай іс-шаралар арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы ұстаздарымыз шыңдала түспек. Қызығы мен қиындығы мол ұстаздық жолында, ұстаздарға табандылық пен шыдамдылық тілеймін!
Усманова Дина Мукановна
«М.Маметова атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Өзін-өзі тану пән мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс қаласы, Байтоғай ауылы