Home » Жаңалықтар » Үздік әскери қызметкерлер анықталды

Үздік әскери қызметкерлер анықталды

Биылғы жыл  Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының арнайы бұйрығы негізінде ағымдағы жылды «2018 –әскерилердің кәсіби біліктілік жылы» деп жариялануымен ұштастырып, 6697 әскери бөлімі «Үздік рота командирінің Тәрбие жөніндегі әлеументтік-құқықтық жұмыстар  жөніндегі орынбасары» және «Үздік взвод командирі» бойынша конкурс өткізді. Шара барысында жауынгерлеріміз жан-жақты сыннан сүрінбей өтті. Ең басты талап әскери шеберліктерінің мықты екенін көрсетті. Спорт денсаулық кепілі дегендей өздерінің 100 м бастап 3000 км-дейін дәл уақытында оралуы бұл офицерлердің күнделікті дайындықтарының  дәлелі болды. 6697 әскери бөлімінің командирі, подполковник Ерлан Ипатов Берікқалиұлы барлық тапсырманы өзі жеке қадағалап, әскери қызметкерлерге баға берді. Қатысушыларға сәттілік тілеп, Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі сіздер. Туған жерге деген айнымас адалдықтарыңызбен ерлік істеріңіз өскелең ұрпақ үшін өшпес өнеге. Сіздердің қиындыққа толы қызметтегі, халық игілігі жолындағы еңбектеріңіз бағаланары сөзсіз-деп сөзін аяқтады подполковник Ерлан Берікқалиұлы. Сонымен қатар 2 күнге жалғасқан конкурста үздіктерді марапатталды. «Үздік рота командирінің Тәрбие жөніндегі әлеументтік-құқықтық жұмыстар  жөніндегі орынбасары» бойынша , 3-ші жедел атқыштар рота командирі аға лейтенант Әліби Молахан ие болса, «Үздік взвод командирі» атағына 3-ші жеке атқыштар ротасының взвод командирі аға лейтенант Нұрбол Успанов марапатқа ие болды.Алдағы жылы бұл сайыс жалғасын табатыны сөзсіз. Өйткені, Ұлт қорғаны –ұлттық ұлан!!.

 

Қымбат ШҰҒАЙЫП
6697 әскери бөлімі
Кітапхана бастығы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.