1-жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
2-жүргізуші: Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр. Ендеше, «Үздік ұстаз» атты сайысты ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
1- жүргізуші:
Ажырамай мектептен берелі Сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Ұстаздарға арналсын тілегіңіз-дей келе алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Кульбаева А.С. береміз.
2- жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады. 11-сынып оқушылары, алтын белгі үміткелері Семейхан Асылжан, Боранбаева Айтолқының орындауында «Мектебім» әні, қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Әділ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан мұғалімдер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар
- Ендеше, ортаға бастауыш сынып мұғалімдерін шақырамыз.
- Ендігі сөз кезегін қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігіне беріледі.
- Кезекті жалғастыратың дене тәрбиесі және спорт әдістемелік бірлестігіне беріледі.
- Соңғы әдістемелік білестігі жаратылыстану және математика.
1- жүргізуші:
— Жалпы сайыстың тәртібімен таныстырып өтейік:
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
- Таныстыру (3-5 минут).
- Мұғалім портфолиосын қорғау (7 минут):
а) шығармашылық тақырыбын қорғау
ә) өздігінен білім көтеру папкасы
б) оқушылардың білім көтеру сапасының нәтижесі
- Педагогикалық ситуация (2 минут).
- Үздік сабақ.
- Салт-дәстүр (10 минут).
(ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен)
Ескерту: Әр мұғалімге жеке-жеке ұпай бересіздер. Әр сұрақтың толық
жауабы 5 ұпаймен есептелінеді.
ІІІ кезең. Педагогикалық жағдаят.
4-кезең: Үздік сабақ
2-жүргізуші: Әр апталықта ашық сабақтар өткізіліді, үздік сабақ атанған сабақтардың бағасын әділқазылар алқасынан сұраймыз.
5-кезең: Салт-дәстүр (10 минут).
1-жүргізуші: Қадірлі жиналған қауым, ата-бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салайық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанибет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жердегі көкке жан бітіп, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер-Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр-күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.
Ендеше, наурыз мерекесінің қарсанында сайыскерлердің үй жұмысы ретінде дайындаған салт-дәстүрлерімен ортаға шақырайық.
- Бастауыш сынып ұстазы Даметова Гүлмира Шұғайқызы
- Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Карленова Ғалия Есентайқызы
- Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Семейхан Ерболат
- География пәнінің мұғалімі Хажат Лиза
2-жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік.-деп бүгінгі сайысымыздың өз шешімдерін шығарғанша Күй « Ерке сылқым» орындайтындар: Оспанов Н.Т., 9- сынып оқушысы Октябрьұлы Олжас
Еліміздің ұстаздары аман болсын,
Бастықтар жел өтпейтін пана болсын.
Сіздерге тек тілейміз аманшылық,
Болсын тек әрқашанда бейбітшілік
1 — жүргізуші: Құттықтау сөз және марапаттау рәсімі әділ қазылар алқасына беріледі.
1-жүргізуші: Шығу ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын!-дейміз.
Утебекова Гульсим Сериковна
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,
Арықты ауылы, Арықты орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі