Кеше «Тәуелсіз ел – Мәңгі ел» тақырыбындағы шығармалар байқауының жүлдегерлері анықталды. Астана қаласы Білім Басқармасы ұйымдастырған шығармашылық жарысқа елорда мектеп оқушылары қатысты. Салтанатты марапаттау рәсімі №71 мектеп-лицейде өтті. Жиын барысында «Тәуелсіз ел – Мәңгі ел» шығармалар жинағының тұсауы кесілді.
- Биыл тәулсіздігіміздің таңы атқанына 25 жыл толып отыр. Егемен еліміздің тәуесіздігі – ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Міне біз тәуелсіздігіміздің арқасыда мерекені дүбірлете тойлап, қала оқушылары арасында «Тәуесіз ел – Мәңгі ел» тақырыбында байқау өткізіп отырмыз. Жас жеткіншектер егемендігіміз, елдігіміз турасында ой толғап, жалынды жырларын арнады. Ал біз сол оқушылрдың шығармаларын іріктеп, жинаққа топтастырып отырмыз. Жинақ ықшамды. Көпшілік оқырманға ұсынуға болады. Балалар, жазыңыздар! Шығамашылықтарыңыз шыңдала берсін,- деді Астана қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинеттің әдіскері А.Нұғман.
Айта кетейік, 4-сынып оқушылары арасында өткен байқауға жалпы саны 100-ге жуық шығарма ұсынылды. Қазылар шешімімен жеңімпаз бен жүлдегерлерге ІІІ деңгейлі диплом және ынтандыру сыйлықтары ұсынылды. Барлық марапат иелеріне «Тәуелсіз ел – Мәңгі ел» жинағы табысталып, ресми шара соңы мерекелік концертке жалғасты.
«Білім айнасы»