Home » Жаңалықтар » Үздік тәрбиеші

Үздік тәрбиеші

14333614_296325174087311_4913949721465064783_nАсия Қуатжанқызы Созакбаева
Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту орталығының әдіскері

 Маңғыстау облысының білім басқармасы және облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы 2016 жылдың 14 қыркүйегінде алғаш рет мектепке дейінгі ұйым педагогтары  арасында  «Үздік тәрбиеші-2016» он-лайн республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқауда қатысушылар таныстыру, шығармашылық жұмыс: «Басты ұстаным- «Мәңгілік ел»» тақырыбында  эссе жазу, және жетістіктер портфолиясы, панорамалық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, үй тапсырмасы: «Педагог дарын иесі» (берілген тапсырма бойынша) шарттары бойынша бақ сынасты.

Байқау барысында тәрбиешілік қызметтерінің жоғары нәтижелілігі, кәсіптік біліктілігі және шеберлігі, тәрбиешінің республиканың, аймақтың білім саласына қосқан жеке үлесі,тәрбиеленушілердің оң динамикада бейнеленген жетістіктері, педагогтардың жаңа технологияларды қолдануы, білім беру процесіндегі шығармашылық әдіс-тәсілдер мен   тәрбиеленушілердің жетістіктері, әріптестері мен ата-аналардың пікірлері, және т.б. бағыттары бойынша сараптама жүргізілген болатын.

Әділқазылар шешімімен байқаудың қорытындысында Қарақия ауданы «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Отарбаева Ақмарал бас жүлдені иеленіп, үздік деп танылды.14238185_296325170753978_8596795939869400525_n

«Игі істің басында, жақсы жүрер қасына» дегендей әрқашан осындай игі шараларға белсене қатысып жүрген Ақтау қаласындағы  «Жанель» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі  Юсупова Меңсұлу І орынға лайық екендігін дәлелдеді. Түпқараған ауданы «Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі Жолмағанбетова Нұржамал ІІ орын жүлдесін қанжығасына байлады.

«Өнер десе ішкен асын жерге қоятын» байқауларда ылғи  жүлдемен оралатын, Түпқараған ауданы «Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі Абилхасова Айжан және Жаңаөзен қаласы  №26 «Шапағат» балабақшасының тәрбиешісі Жайлиева Унергул жүлделі ІІІ орын қатарынан көрінді.

Бас жүлде және І орын жүлдегерлері қазан айында өткізілетін  «Үздік тәрбиеші-2016» республикалық он-лайн байқауына қатысуға жолдама алды.

Ұстаздардың жеңісі-облысымыздың абыройы мен мақтанышы! Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, алдағы республикалық байқауда  жеңіс тұғырынан көрініп, облысымыздың мәртебесін асқақтатып, егемен елдің еркін өскен өскелең ұландарын тәрбиелейтін үздік тәрбиешілердің қатары көбейе берсін деген тілек білдіреміз!

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.