2017 жылғы 12 қазан күні «Үздік педагог-2017» республикалық конкурсының жеңімпаздарына арналған брифинг өтті.
Брифинг жұмысына «Үздік педагог-2017» республикалық кезеңінің жеңімпаздары: Калиева Әсел Өтегенқызы – Көкшетау қаласы, №11 «Арай» балабақшасының музыкалық жетекшісі; Кошанов Серік Сүлейменұлы – Көкшетау қаласы, № 17 мектеп-гимназиясының биология және химия пәндері мұғалімі; Кинцель Александр Евгеньевич – Степногорск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы № 6 гимназия-мектебінің биология пәні мұғалімі, Лазорский Антон Михайлович – Щучинск қаласы Жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, білім ұйымдарының басшылары және бұқаралық ақпараттың өкілдері қатысты.
Брифинг жұмысы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Б. Дүйсенованың алғы сөзімен басталды.
«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымының» төрағасы Абдрахманов Бейсенбай Қадырұлы республикалық жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері республикалық «Үздік педагог-2017» жеңімпаздарымен диалогтық алаңда пікір алмасты.
Ш. Кажигалиева