2017 жылғы 11-12 мамырда Көкшетау қаласы, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2017» байқауы болып өтті.
Байқауды өткізудің мақсаты педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген, шығармашылықпен айналысатын педагогтарды марапаттау болып табылады.
Облыстық байқауға Ақмола облысының ТжКББ ұйымдарының 21 инженерлік-педагогикалық қызметкері қатысты.
Байқау марафонында әдеттегідей үш кезең болды:
— оқытушының өзін-өзі таныстыруы (Менің кәсіби ұстанымым);
— шеберлік-сыныбы;
— мұғалімнің шығармашылық зертханасы (қатысушы қызметінің көркем көрінісі, сабақтарының авторлық, ғылыми-әдістемелік әзірлемелері, оқу бағдарламалары, құралдары, оқу-әдістемелік кешендері және т.б. болуы).
Екі күн бойы байқау комиссиясының тәжірибелі мүшелері байқауға қатысушы жұмысының жүйелілігін, олардың педагог ретіндегі қызметінің өнімділігін, олардың жаңа білім беру технологияларды меңгеру дәрежесі, коммуникативтік мәдениет деңгейін, жеке тұлғалық қасиеттерін талдады және бағалады.
Байқау нәтижесі бойынша жүлделік орындар келесідей бөлінді:
Гран–при иегері Лазорский Антон Михайлович, арнайы пәндерінің оқытушысы, Щучье қ., жоғары колледжі;
1-орын Мукушева Гүлмира Амангелдықызы, ағылшын тілі оқытушысы , Щучинск қ., сервис және туризм индустриясы колледжі;
2-орын Ашимов Даурен Әділханұлы, арнайы пәндерінің оқытушысы, Көкшетау қ., № 1 сервистік-техникалық колледжі;
3-орын Редько Надежда Сергеевна, арнайы пәндерінің оқытушысы, Щучье қ ., педагогикалық колледжі.
Конкурстың қалған қатысушылары білім басқармасының грамоталарымен және Ақмола облысы және Астана қаласы Бiлiм және ғылым қызметкерлерi кәсiподағы, Ақмола облысы рестораторлары ассоциациясының, «Сармат» Лаунч-барының атынан бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Облыстық кезең жеңімпазы Ақмола облысы атынан «Үздік педагог-2017» республикалық байқауына қатысатын болады.