Home » Жаңалықтар » «Үздік педагог» республикалық конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі

«Үздік педагог» республикалық конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі

2 қазан күні Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев құттықтап: «Сауаттылық адам мен қоғамның жалпы мәдениетінің негізі, әлеуметтік прогрестің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ұстаз кішкене адамның – өз елінің патриоты, болашағы, оқушымыздың – білім, таным жолындағы маңызды буыны, себебі  ол білім әлеміне жол көрсетеді», — деді.

Педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізілуде.

Жеті жыл ішінде конкурсқа 31 420 ​​мұғалім қатысты, оның ішінде мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  368 мұғалімі жеңімпаз атанып, 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақысымен «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлері болып танылды.

Биыл райондық және қалалық турларға 3 864, облыстық турларға 710 педагог қатысты, ол өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. «2018 жылдың үздік педагогі» атағын тағайындау бойынша Республикалық комиссияның қарауына 147 құжат, оның ішінде мектепке дейінгі және орта білім саласы  педагогтерінен  109  құжат, техникалық және кәсіптік білім саласынан 38 құжат келіп түсті.

Конкурстық комиссияның әділқазылар алқасы құрамына еліміздің үздік мұғалімдері, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, біліктілікті арттыру институттарының оқытушылары, кәсіподақтар ұйымының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, журналистер кірді.

48 орта мектеп мұғалімі және 16 колледж оқытушысы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында 64 жеңімпазға «2018 жылдың үздік педагогі» төс белгісі, куәлік, сондай-ақ, 1000 АЕК сомасында сыйақы табыс етілді.  Конкурс жеңімпаздарының тізімі қосымшада көрсетілген.

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.