Home » Мақалалар » Үздік жас маман

Үздік жас маман

 

 

 

Сабақты түрлендіріп, оқушыларды қызықтыру үшін алуан түрлі әдіс қолдануға болады. Соның бірі-оқушылардың ұғымын жеңілдету үшін бүгінгі заман талабына сай жаңартылған бағдарлама аясындағы әдіс-тәсілдерді пайдаланған сәтіміз.
Жуырда Дүр Оңғар ауылындағы № 107 орта мектеп білім ордасында жас мұғалімдердің білімі мен біліктілігін шыңдау мақсатында «Үздік жас маман-2018» мектепішілік сайысы болып өтті. Сайыс шарты бойынша жас мамандардың өзін-өзі таныстыруы мен бірнеше кезеңнен тұратын күрделі тапсырмаларды орындауы оңайға соққан жоқ. Қызықты да тартысты өткен бұл байқаудың жеңімпазы болып жас маман Тұрабаева Ақмарал Нұрлыбекқызы танылды.

Білім саласында шығармашылық ізденісте жүретін ол Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқыту әдістемесі мен педагогикасы» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылдан бері мектебімізде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етіп келеді.

«Жас келсе іске» деген емес пе. Аз ғана уақыт ішінде өзін жақсы қырынан көрсете алған Ақмарал, өз шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерді.Тәжірибесі толысқан алдыңғы буын ұстаздардың ақыл-кеңесіне сүйеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін, оның алар асуы алда секілді.

 

     Жолмаханова Жұлдызай,
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Дүр Оңғар ауылы
№107 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.