Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халқына арналған кезекті Жолдауында – адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі ұрпағымызды жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде біз өз мектебін қала, облыс, республика көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты шәкірттерімізді мақтан етеміз.
Жезқазған қаласындағы №133 негізгі орта мектебінде 2017 жылдың 24 мамырында дәстүрге айналған «Үздіктер шеруі» атты марапаттау кеші өтті. Алдымен мектеп басшысы А.Т. Мукашева сөз алып, биылғы оқу жылына шолу жүргізіп, жақсы еңбектенген ұстаздарды, жақсы оқыған оқушыларды атап өтті. Сапалы тәрбие мен сапалы білімді ұштастырып, тәуелсіз еліміздің бүгіні мен ертеңіне өз үлестерін қосып жүрген, мемлекетіміздің болашақ тұтқаұстар азаматтарын мектеп басшысы А.Т. Мукашева білім жолындағы зор табыстарымен құттықтап, өзге оқушыларға үлгі тұтты.
Сонымен бірге, баласына өнегелі тәрбие берген ата-аналар мектеп басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
«Үздіктер шеруі» атты құрметті жолды жүріп өткен мектеп мақтаныштарының саны 45-ке жетті. Мектеп оқушылары пәндік олимпиадалар, Халықаралық, республикалық, сонымен қатар, қалалық пәндік олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанды. Мәселен, оқушылар «Жарқын болашақ», «Мемлекеттік тіл – айбыным», «Тілшілер», «Абай оқулары», «Зерде», «Ақбота», «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны», Ғ.Мүсіреповтің туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылған республикалық қазақ тілі пәні олимпиадасы, «Қала мақтанышы», «Үздік көшбасшы», т.б. байқауларға қатысып, олжамен оралған.
Арасында мектептің өнерпаз оқушылары әсем әндері мен мың бұралған билерін орындап, ата-аналарды, мұғалімдерді риза етті.
«Білімді, сауатты адамдар – бұл XXI ғасырда адамзат дамуының қозғаушы күші»-деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай мектебіміздің дарынды оқушыларын марапаттау кеші осылай өз мәресіне жетті. Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!
К.Е. Кулмагамбетова
№133 негізгі орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі