Білімді ұрпақ кез келген мемлекеттің болашағын жарқын етеді. Білімді ұрпақты білімді ұстаз ғана тәрбиелей алады. Білім заманында ұстаздарға қойылар талап жоғары. Ұстаздар үздіксіз оқып, ізденіп, өздерін тәрбиелеуден жалықпайтын жандар. Қазіргі заман мұғалімдері тек өз пәнінің терең білгірлері ғана емес, ақпараттық сауаттылықты да терең білуге тиісті. Тауық жылындағы сәуір айының алғашқы аптасында Қызылорда қаласындағы Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының бір топ мұғалімдерінің қатысуымен Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті редакциясының жауапты маманы Қуаныш Әлібек Мұханұлының ұйымдастыруымен «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты тренинг болып өтті. Мұғалімдер тренингтен мақала жазудың қыр-сырын игерді. Мақаланың көтеретін мәселесі, міндеттері, түрлері, нақтылығы және құрылымы, тартымдылығы сияқты түрлері болуы керектігін ұғынды. Мектеп оқушылары, ата-аналар мен ұстаздарға арналған «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінің сертификаттарын иеленген ұстаздар БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін меңгеріп шықты.
Аталған тренинг артық уақыты жоқ мектеп ұстаздарына көрсетілген өте зор мүмкіндік, қолдау деп түсінеміз. Ақпараттық заманда әсіресе ұстаздар қауымы мол ақпараттардың ортасында жүретіндігі шындық. Ұстаздардың өлшеусіз еңбегін қоғамға таныстырып, жарнамалап жазатын да ұстаздар, шығармашылықпен еңбек етіп, өз «Ашық сабақтарын» көпшілікке ұсынатын да ұстаздар, әдебиет, өнер, танымдық мақалалар жазатын да ұстаздар қауымы екендігі бәрімізге белгілі. «Ұстаздардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты тренингті ұйымдастырған «Білім айнасы» газетінің редакциясына ұстаздар атынан ризалығымызды білдіреміз. Газетттің тәрбиелік мәні зор, айтары, берері мол қадірлі дүниеге айналарына кәміл сенімдіміз.
Ахметова Бану Бекішқызы
Қалтай Мұхамеджанов атындағы
№1 мектеп-гимназияның мұғалімі
Қызылорда қаласы