Home » Баяндамалар » ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ – ТАБЫСТЫ ТӘЖІРИБЕ

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ – ТАБЫСТЫ ТӘЖІРИБЕ

«Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім,
ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде
оның мұғалімдігі де жойылады».
К.Д. Ушинский

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдындажай білім беру ғана емес, сонымен қатарұлттық рухта сусындаған, өркениет көшіне жол бастайтын,әрі білімді,дарынды азаматтар тәрбиелеп шығаруы міндетті.

Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру, үздіксіз білім алу сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ.

Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмай, жалғаса беруі тиіс.

Ол жүйелі өтетін ашық сабақтар,түрлі сайыстар,байқаулар,іс тәжірибелер, сыныптан тыс жұмыстар,олимпиада, конференцияларға қатысу кіреді.

Сонымен бірге әр түрлі деңгейдегі курстар мен семинарларға қатысу да мұғалімнің үздіксіз білім алудың жолдары болмақ.

Мен де дипломды алғаннан кейін, мектептегі жұмысымның басталуынан бастап, оқушыларды тәрбиелеп оларға білім берумен қатар, үздіксіз білім алудамын. Өйткені мұғалім тұлғаны қалыптастыруда, өз — өзін  жетілдіріп, күнделікті педагогикалық тәжірибеден тыс шығып, мұғалімдік іс-әрекетпен байланысты түрлі шығармашылық іс-шараларға: мұғалімдердің біліктілігін арттырып, мектеп және аудандық әдістемелік бірлестіктерге қатысып, шығармашылық есеп беріп, семинар — практикумдарға, конференцияларға қатысуы жүруі тиіс. Осындай іс-шараларға облыстық «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», аудандық «Жыл мұғалімі – 2013» сайысына қатысуым, әр мұғалімнің қатысқан кездегі шығармашылығы мен жан-жақтылығын көрсетті. Осындай сайыстар педагогикалық қабілетті, жалпы мәдениетті, құзыреттілікті, педагогикалық және әдістемелік сауаттылықты көрсетеді. Аталмыш іс-шараның мақсаты – педагогикалық тәжірибе мен жүйемен бөлісу, жан-жақты дамыған, шығармашыл, дарынды, жоғары кәсіби дайындығы бар, жеке авторлық жаңашыл идеялы, жоғары ғылым – әдістемелік шеберлігі, педагогикалық мәдениеттілігімен ұстаз тұлғасын анықтау.

Бірнеше жыл бойы мен «Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық – коммуникативтік технологияларды қолданудың тиімділігі» деген әдістемелік тақырыппен жұмыс жасадым. Осы тақырыптың мақсаты — пән бойынша оқушылардың оқу сапасын,оқытудың түрлі кезеңдеріндегі танымдық белсенділігін жоғарлату. Тақырыппен жұмыс жүргізу барысында, 2015 жылы, мен мектептегі әріптесіммен бірге 9 сынып оқушыларына және осы сыныптарға сабақ беретін мұғалімдеріне «Қазақ әдебиеті» деген электронды көмекші құралды дайындап, аудандық сараптама отырысына ұсынып, лицензиялау сертификатқа ие болдым. Бұл құрал  пән бойынша негізгі білімдерін меңгеру, алған білімдерін жүйелеу, өздік жұмыс пен өзін – өзін бақылау дағдысын қалыптастыруға, пәнге деген қызығушылығын арттыру сияқты дидактикалық міндеттерді шешеді.

Педагогикалық қызмет білімді үздіксіз толықтыруды және кәсіптік қабілеттікті дамытуды талап етеді. Дәл осындай міндеттерді біліктілікті жоғарлату курстары атқара алады. 2016 жылы өз білімімді жетілдіру үшін Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсын аяқтадым. Курс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасымен танысып, белсенді оқу, тиімді оқыту мен оқудың тәсілдері, критериалды бағалау бойынша көп жұмыстар атқарылды. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері З.Досымова бірінші сынып оқушыларымен ең қиын міндеттерді шеше алатын, шығармашылық ойлау қабілеттері жақсы дамыған мұғалімдерді даярлау негізгі мақсатты практикалық сабақтар мен тренинг өткізді. Курс өз мазмұнымен, жұмыс түрлерінің жағалығымен ерекшеленіп, пәнге жаңашыл көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Курстан алған біліміммен тамыздық конференциядағы аудандық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік отырысында әріптестеріммен бөлістім. Онда критериалды бағалау мен бірлескен оқу ортасын құруға арналған жаттығулары, сыныпта сындарлы әңгімені ынталандыру стратегияларын ұсынып, сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың жаңа білімді алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып игеруін көздейтін тұжырымдамаға негізделетіні туралы сөз сөйлегенім, алған білімімді жетілдіргенім деп ойдамын.

Қорыта айтқанда педагогтың оқу процесінің жаңаруының шарты –кез- келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп  ұстаздарының педагогикалық шеберлігін, кәсіби біліктілігін арттыру арқылы үлкен табыстарғажетуге болатыны сөзсіз.

Әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 ж.
  2. Педагогикалық диалог. Ақпараттық-әдістемелік журнал. №4, 2016 ж.
  3. Еркін Нұржанов «Білім сапасы – мұғалімнің кәсіби шеберлігінің негізгі кепілі», «Ұстаз мәртебесі» газеті, 24 қазан 2012 жыл https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-24540

Канапина Айнур Сабитқызы,
Қарасу орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Қостанай облысы, Қарасу ауданы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.