Home » Балабақша »  «Қ» дыбысы және әрпі

 «Қ» дыбысы және әрпі

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу  қызметі: «Сауат ашу және жазу».

Мақсаты: 1. «Қ»  дыбысы мен әрпімен таныстыру, дауыссыз дыбыс екенін ажыраттырып, дұрыс және анық айтылуын үйрету. Дыбыс артикуляциясын пысықтау. Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

  1. Буында, сөздерде, сөйлемдерде дыбыстық орындарын белгілеу, сауатты жазуға машықтандыру.

Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жылулық шеңбер, көрсету, қанатты сөздер, релаксация.

Көрнекі құралдар: Тірек сызбалар,  сурет  сериялдары, кубиктер,  плакаттар, үнтаспа.

Сөздік жұмыс: дыбыс, әріп.

Шаттық шеңбері

Кел, балалар тұрайық .

Үлкен шеңбер құрайық

Қолымыздан  ұстасып,

Жылулықты алайық.

— Балалар, біз бір-біріміздің қолымыздан ұстағанда нені сезінеміз?

— Балалар, бүгін біздің тобымызға бір бейтаныс әріп қонаққа келіпті. Бұл әріп маған өзінің қай әріп екенің айтпады.

Әріп: — Балалар, мен сендерге әріптер әлемінен қонаққа  келдім . Мен жай келгенім жоқ, әріптердің  сендерге жолдаған  өтініштерін  ала  келдім. Сендер сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар мен өзімнің қандай әріп екенімді айтамын.

1-тапсырма. (Орақтың суреті  )

-Бұл ненің суреті, сөзді буынға бөліп алғашқы буынды ата;

2-тапсырма. Бірнеше буындарды  таратып беріп  сөз құрату: о- ра, о-ру, со-на, жо- та;

Сергіту сәті:

Саусақтарым бір–бірімен амандасайық.

Саусақтарым  гүл  ашайық,

Саусақтарды ашып- жұмып,

А-ә, г-ғ, ү-ұ, н-ң, к-қ, о-ө

Дыбыстарды  дұрыс айтайық.

-Балалар, сендер қонақ әріптің біршеше тапсырмасын  дұрыс орындадыңдар. Енді бәріміз қонақ әріпті біздің қаламызбен таныстырайық. Қане, бәріміз автобусқа отырып, қаланы аралайық.

Релаксация: Қаламыз сондай әдемі, биік-биік үйлер, спорт кешендері, саябақтары бар. Көшеден өтерде бағдаршамға қарап, жасыл көзі жанғанда өттік. Көшенің арғы бетінде ойыншық сатылытын дүкен бар екен. Біз дүкеннен қуыршақ сатып алдық, «Қуыршақ» әнін айтып, балабақшамызға қайттық.

Сұрақ- жауап:

-Балалар бүгін біз қайда саяхатқа бардық?

-«Қала» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

-«Қала» сөзін буынға бөлейікші?

-Дүкеннен не сатып алдық?

«Қуыршақ» сөзін дыбыстық талдау жасату.

-Балалар, ендеше бүгін бізге қонаққа келген бейтаныс әріп — «Қ»  әрпі  екен.(Қонақ әріптің маңдайында жазылған Ққ әрпін көрсету )

«Қ»  дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді. Дауыссыз дыбыс екенін айту.

3-тапсырма. «Қ»   дыбысына тақпақтар айту;

4-тапсырма. «Н.Зайцев кубиктерін» пайдалана отырып буындардан сөз құрату. «Зайцевтің кубиктерін» пайдаланып буындардан сөз құрады.

Қа-ла, қо- ра, қа- ра , ақ-қу, қо- ға, қу-ат.

Балалар хормен және жеке оқыту.

Қа , қо, құ, қы

Ақ , оқ, ұқ, ық

Тақ, тоқ , тұқ , тық.

  1. «Қ» дыбысының жазылу артикуляциясымен таныстыру.

1.Тақтаға жазып көрсету

  1. Ауада жаздыру

3.Таяқшалармен жұмыс Таяқшалардан  Ққ әрпін құрату.

Сергіту сәті.

Бір ,екі, үш.

Жинап алдық күш.

Төрт, бес, алты

Бой жазамыз мықты.

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық,

Көрсетілген үлгіге

Әдемі етіп жазайық.

4.Дәптермен жұмыс.

Үзік сызықтарды бастыру.

5.Ребус шешкізу.

Буындық ұйқасын табу.

-са -са -са-

Ызылдайды  маса

-іс -іс -іс-

Бақшаларда сәбіз

— ыс -ыс -ыс-

Келіп қапты қыс

Қортындылау: Үнтаспадан жұмбақ тыңдау.

  1. Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады

Балалар жұмбақты шешіп, әріп қиындыларына «Қар» сөзін құрастырды.

 

  1. Тіс десең — тісі бар,

Күш десең – күші бар.

Торуылдап ауылды,

Түнде жортар ісі бар.

«Қасқырдан құтқарайық» ойыны.

Шарты: Орманшының үйі. Алаңда қой, қаз, қоян жайылып жүр. Кенет орман арасынан  бір қасқыр шыға келді. Қасқырдан қойды, қазды, қоянды жасыру керек. Қой, қаз, қоянның сыртында жазылған тапсырмаларды орындаған балалар оларды қасқырда жасырған болып есептелінеді. (Тапсырмалар: «қа-ра», «қо-ға», «ақ-қу») деген сөздерді оқу, сөйлем құрау.

-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізге қонаққа қандай әріп келді?

-Дауыстыма әлде дауыссызба?

Дидактикалық ойын:

«Сөз ойла – тез ойла»

Шарты: Балалар «Қ»  дыбысына байланысты сөздер айтып жарысады

 

Алмабекова Нургул Нуракыновна

Ересектер топ тәрбиешісі

Алматы облысы Қарасай ауданы

 Қырғауылды ауылы «Ақ көгершін» балабақшасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.