Home » Жаңалықтар » Құтты, Жаңа Жыл қош келдің!

Құтты, Жаңа Жыл қош келдің!

 

Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Сондықтан № 33 жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық бағдарлама өтті. Жаңа Жыл мерекесі өзгеше, өйткені қайталанбас таңғажайып қызықтармен жақсы көңілді күй. Ертегі әлеміне саяхат жасағандай күйде боласын. Сондықтан Жаңа Жыл өте керемет өтті, балалар тақпақ айтып, ән айтып, ойын ойнап, би билеп, балалар жақсы көңіл күймен қайтты. Алдағы Жыл тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын және отбасыңызға құт-береке, денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын.

 

Олжаева Мырзагүл Олжақызы
№33 жалпы орта білім беру мектебі бастауыш сынып мұғалімі,

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.