Бала шақтан кеудеңде таласты үміт
Қаныңда жоқ әу бастан оғаш қылық.
Өз күшіңмен келесің алға ұмтылып,
Бақытыңды сәтімен қаластырып.
Той тойлаған жақсы ғой жанұямен,
Нағашы,әпше, бауырлармен.
Жүзге дейін талмастан, қажымастан,
Жүзе бергін ұлы Өмір-дариямен!..
Досқа адал, отбасының қорғаны,
Шын бақытты бағалаған қолдағы.
Бір өзіңді мақтан етіп жүреміз,
Шаттық тілеп әр күніңе алдағы.
Балапаным, арқа сүйер ақылшым,
Он сегізден асып бара жатырсың.
Ортаймасын күлкі күнің ешқашан,
Бақыт бенен өмір таңын атырсын.
Балам десем, асқар тау елестейді,
Сен дегенде көңілім егеспейді.
Денің сау боп «Әкеңе» демеу болшы,
Ешбір жан өзіңменен теңеспейді.
Туған күн құтты болсын тағы балам,
Тілеймін бар жақсыны бүгін саған.
Мақсатыңа жете бер жетектеген,
Қолдап жүрсін әр қашан қыдыр бабаң.
Ізгі ниетпен анасы: Досалиева Бақтыгүл Әліхожақызы
Бегалы Нұрсұлтан Нұрланұлына
29.05.2019ж