10 маусым Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесіне орай, маусым айының жетінші жұлдызында облысымыздың кәсіподақ ұйымы төл мерекесін атап өтті. Ғасырлық тарихы бар ұйым, Қазақстанда жұмысын 1905 жылы бастаған екен. Маңғыстау облысында ұйым 44 жыл бұрын құрылған. Бүгінде аймақта 640 бастауыш ұйым, 8 салалық кәсіподақ жұмыс жасайды. 80 мыңға жуық кәсіподақ мүшесі бар.
Мерекелік жиынға қатысқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қибат Шайхатқызы Бақтиярова қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты еңбегі мен білім беру саласындағы мүлтіксіз атқарған қызметі және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да еңбегінің жемісті болуына, ұжым мүшелерінің мүдделерін қорғауда белсенді қызмет ете беруіне тілектестік білдіреміз. Басыңыз аман, бауырыңыз бүтін, денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз ұзақ, шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын!
Ізгі тілекпен Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты ұжымы
Маңғыстау облысы