Home » Балабақша » Құстар кетті қайтып

Құстар кетті қайтып

 

       Мектепалды даярлық «Қарлығаш» тобы

Жүргізуші:

Мүлгіді орман, мүлгіді қайың

Үзілді жерге жапырақ

Қиқуласып құстар кетті қайтып

Күз келді қоңыр атырап.

  • Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі «Қарлығаш» тобының «Құстар кетті қайтып» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Ерке өсіп, ең жайлаған ұл мен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқан ән мен әсем биді

Сіздерге тарту етпек «Қарлығаш» тобы.

Музыка әуенімен «Аққу» биін билеп залға балалар кіреді.

Ән: «Күз келді»

Жүргізуші: Күз – бұл жаз бен қыстың арасындағы көпір.

Таң атпай аяз бетімізді тоңдырса да, далада суық күн тұрса да, біз білеміз, күз – тамаша мезгіл. Қандай жазушыны, ақынды, суретшіні алсақ та әрқайсысы осы мезгілді көркем суреттейді. Ендеше Күз туралы тақпақтарға кезек берелік: Ақзере, Анеля, Адия, Алия.

Автор: Сәлеметсіздер ме! Мен сіздерге ертегі айтып бермекпін.

Ерте, ертеде бір Патша болған екен. Бір күні ол ұйықтап жатып түсінде ерекше бір сиқырлы алтын құсты көреді, ояна салысымен ол ханзаданы шақырып былай дейді:

  • Мен түсімде құстар әлемінде бір ерекше алтын құсты көрдім. Сен сол құсты маған ұстап әкелу керексің дейді.

Патшаның сөзін екі етпей ханзада құстар әлеміне аттанады.

Автор: Бұл уақытта құстар әлемінде құстар мерекесі болып жатқан.

Би «Керемет күз».

Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Бүгінгі күз кешінде,

Би билейік бәріміз, — деп құстар әлеміндегі керемет күз биін қарсы алыңыздар.

Музыка әуенімен ортаға түлкі кіреді.

Түлкі: — Неткен керемет күн. Мында мен жақсы көретін құстардың барлығы бар екен, бәрін оп-оңай қазір өз қоржыныма салатын болдым, — деп қуанады.

Автор:

Түлкі деген қу ғой

Жүрген жері шу ғой

Көре салып құстарды.

Айласын асырып,

Ұстап жеуді ойлады

Сөйтіп ол.

Түлкі: Құстар, құстар жиналыңдар. Орман патшалығы құстардың ең кереметін, ерекшесін білсін деп, маған құстарға айтыс ұйымдастыр деді. Жеңімпаз құс мәнгі құстардың төресі болмақ.

Бұны естіген құстар бір-бірлеп келіп айтыса бастайды.

«Құстар» айтысы:

Әтеш

Жақын түгіл шалғайды

Оятудан талмайды.

Төбелеске келгенде

Алдына жан салмайды

Үйрек

Шығып ауыл шетіне,

Жайылады бетімен.

Қызықтырар ол бізді,

Жұмыртқамен, етімен.

Тауық

Балапанын тауық,

Қызғанады жаман.

Қанатымен жауып

Санатпайды маған

Қаз

Қауіп-қатер жоқ алда,

Малту керек оған да.

Жұмыртқадан шыға сап,

Жүгіреді тоғанға.

Қарлығаш.

Мен – адамның досымын

Мекенінде тұрамын.

Шыбын келсе кәсібім

Ұстап жеймін қырамын.

Тазалаймын үй-ішін

Шыбын деген кеселден.

Ел аузында мақтаулы

Санитармын төселген.

Торғай.

Ұшып келген ең алғаш,

Қара торғай қырағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді менің тұрағым.

Қарға.

Тысқа шықсам аула қар

Басып қапты маңайды.

Тал басында қарғалар

Тамашалап қарайды.

Сауысқан.

Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томардан томарға,

Секең-секең ауысқан.

Көгершін.

Қанат қағып шарықтап,

Мұхит асып қалықтап.

Шарлап бүкіл әлемді

Шаттандырып бар елді.

Бейбіт күнге сән болған,

Мен көгершін ән болған.

Көкек

Жаршысымын көктемнің

Көкек дейді мені жұрт.

Өз атын айтар ән қылып,

Көктемді күтсең мені күт.

Түлкі: — Ұсталдыңдар ма, енді бір жақсылап тоятын болдым.

Автор: — Балалар, құстарға тиісуге бола ма, бұны сен түлкі мына балалардан үйрен.

Құстар туралы мақал-мәтелдер.

1-оқуш:       Аққу, құссыз –көл жетім,

                     Айтылмаған сөз жетім.

2-оқушы:    Қарға баптанып, сұңқар болмас,

                     Есек мақтанып, тұлпар болмас.

3-оқушы:   Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес,

                    Ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес.

4-оқушы:   Қиядағыны қыран көреді,

                   Ұядағыны жылан көреді.

5-оқушы: Бала бүркіт барлап ұшар,

                   Балапан бүркіт шарлап ұшар.

«Ұшты, ұшты». Балалармен ойын

Түлкі: Ой менікі дұрыс емес екен, кешіріңдер, қорегімді басқа жақтан іздейің, қош сау болыңдар.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол – сәніміз

Туған өлке табиғатын аялап

Ұсынайық жүрек үнін бәріміз, — деп, «Күз» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Күз»

Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер,

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық, — деп, көңілді күз биіне кезек берелік

Би «Көңілді күз»

Автор: Ханзада ұзақ жүріп құстар әлеміне жетеді

Ханзада залға кіргенде ортада ұяда отырған қарлығаштың балаларын көреді.

«Неткен әдемі құс» – деп отырып демалады.

Осы кезде әлгі ұяға өрмелеп келе жатқан жыланды көреді.

Ертегі: Қарлығаш пен Дәуіт

Автор: Қарлығаш ағаштың басына ұя салып, балапан шығарыпты.

Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады.

Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.

Автор: Қарлығаш ағаштың басына ұя салып, балапан шығарыпты.

Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады.

Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.

  • «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!»Автор: Қарлығаш ұшып қарғаға келді.
  • Көкек: Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ.
  • Қарғажан, маған көмек бере көр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр. (жылап тұрып)
  • Қарға: Қарлығашқа бұрылып қарамастан: Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! -деді маңғазданып.
  • Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығаштың алдынан Дәуіт шығып. Қарлығаш Дәуітке.
  • Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып ұяма өрмелеп барады.
  • Дәуіт: Олай болса,мені тезірек жеткіз
  • Қанатын тосып, мін қанатыма.

Қарлығаш пен Дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан қорқып шығып кетеді. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады. Бұны қарап отырған ханзада мен құстар туралы көп білу керек екенмін, сендер, балалар, маған көмектесіңдерші

Жүргізуші: Алма-алмұрт албырап,

Жеміс-жидек пісіпті.

Қауын-қарбыз балбырап

Қамбаларға түсіпті.

Ендеше келесі кезекте — Ән: «Келді міне күз»

Тақпақ: Айша, Дильназ, Санжар

  1. Құйқылжытып дала күйін, Үй ішіне салады үйін. Жауабы: қарлығаш. 

Қарлығаш — ол кеш келіп, ерте қайтып кетеді. Себебі, ол шыбын — шіркеймен қоректенеді. Оларды ұшып келе жатып қағып жейді. Ал шыбын-шіркей қар ерісімен шыға қоймайды. Адамға үйірсек, сүйкімді. Өзге құстарға ұқсамайтын құлаққа жағымды үні бар. Ол бір жазда 1 миллион құрт жейді

  1. Өзге ұяға із тастап,

Өз атын өзі айтады.

Жауабы: көкек.

Көкек – өз атын өзі шақыратын, өте тамақсау құс. Өзі балапан басып шығармай, жұмыртқасын басқа бір құстың ұясына туып кетеді. Одан шыққан «өгей» балапан қалғандарын ұядан итеріп құлатып жібереді.

  1. Сұлулықтың не екенін,

Оларға қарап анықтар.

Өзге құс оған жетпейді

Құс патшасы саналар, Жауабы: аққу

Аққу – мойны ұзын, қардан аппақ құс. Ол 30-40 жыл жасайды. Аққу 3 — 4 жасқа дейін сұр боп өседі, кейін түлеп нағыз аққуға айналады. Ол 3-4 жұмыртқа басады, 38-40 күнде өргізеді. Олар өте тату. Адамдар аққуды ешқашан атпаған. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Мемлекеттік қорғауға алынған.

  1. Биікке салған ағаш үй,

Сол ғой оның мекені.

Жаздай сайран салып ап,

Қыста алыс кетеді. Жауабы: қараторғай

Қараторғай — өте кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Наурызбен бірге қараторғай келеді. Олар келісімен күн ашылып, жылынады. Жаз бойы 4 миллион құрт жейді.

Алтын құстың биі: Осы кезде ханзада алтын құсты ұстап алады.

Ханзада: Патшаның түсі жай емес екен, құсты таптым. Алтын құс сен және сондай көңілді едің, енді неге мұңайдың?

Алтын құс: Мына тордан босат мені, ханзада. Мен бар әлемді алтын түске бояу керекпін. Менің сары алтын түсімді барлық табиғат көптен күтті

Ханзада құсты аяп:

Ой, балалар, балалар,

                    Аман болсын аналар,

                    Құстарда да ана бар,

                    Құстарда да бала бар.

                    Кім сүймейді баласын

                    Балалық қып қызбайық,

                    Құс ұясын бұзбайық.

                    Жұмыртқасын алмайық,

                    Обалына қалмайық,

                    Көп күнәға батпайық,

                    Балалар мұны ұғыңдар,

                    Уәдеден шығыңдар, — деп босатады. Осы сәтте залда жарық сөніп алтын құс Алтын күз ханшайымына айналады.

Алтын күз: Сәлем, менің достарым,

Өмірге көп қосқаным,

Күз сыйлығын алыңдар

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар

Ән: «Күзгі вальс» — Адия орындайды.

Ойын: Ата-аналармен «Бақшада»

Би «Қолшатыр»

Халқымыз құстардың ұшуы, қонуы, келуіне қарап ауа райын болжаған.

  1. Қарлығаш жоғары ұшса — күн жылы болады, төмен ұшса — жаңбыр жауады.
  2. Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса — су тасқыны болады.
  3. Жаңбыр жауарда қарғалар у да шу болады.
  4. Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
  5. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

Ән: «Құстар»

Жүргізуші:

Алтын күз бізбен сізге шуақ шашсын

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып

Береке бірлікпенен ортақтассын, — дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Асхар Жумагул, тәрбиеші,

Серикбаева Айгерим Сагынгановна, музыка жетекшісі

Альжанова Динара Тендиковна, би жетекшісі,

Астана қаласы

әкімдігіні

«№56 «Береке» балабақшасы» МКҚК

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.