Home » Ашық сабақтар » Құстар – біздің досымыз

Құстар – біздің досымыз

Білім беру саласы: Таным. Қатынас. Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: Жылы жақтан ұшып келетін құстар және олардың көктемдегі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Құстарға деген қамқор сезіміне және оларға жағдай жасауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Дала құстары мен үй құстарының айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Өз ойларын шығармашылықпен көрсете білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Дала құстарының, үй құстарының суреті, ағаш көрінісі, құстың ұясы.
Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі түсті қағаздар, балапан, жұмыртқа.
Әдіс-тәсілдер: Сөздік, көрнекілік, практикалық.
Сабақ барысы:
Балалар топқа сайрап тұрған құстың әуенін тыңдап, алдын-ала дайындалған ағаштарды аралап жүреді.
-Міне балалар, біздер серуен жасап, құстардың сайрағанын тыңдап, өз тобымызға келдік.
-Қане орындарымызға отырамыз.
-Кім айтады қазір қандай жыл мезгілі?
-Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр? (балалардың жауабы)
-Жылы жақтан ұшып келетін қандай құстарды білесіңдер? (тырна, қараторғай, бөдене, қарлығаш)
Балалар суреттен құстарды тауып көрсетеді және осы құстардың айырмашылығын айтып өтеді.
-Сендер ұзақтан арып ашып келген құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар? (ұя жасап ағашқа ілеміз, жем шашамыз,тамақтандырамыз)
-Балалар бұл құстардың табиғатқа, адамдарға пайдасы бар. Олар ағаш тамырын зиянды құрттардан тазалап, ағаштардың жақсы өсуіне мүмкіндік береді.
-Егер ағаш тамырын құрттан тазаламаса не болады? Табиғатқа қандай зияны бар? (ағаш шіриді,жемістер бермейді, жапырақ жаймайды)
-Бәрекелде демек құстар біздің досымыз екен. Олар табиғатты құрт құмырсқадан қорғайды екен, ал жапырақтар, шөптер, гүлдер ауаны тазартады.
-Біз ауаны қалай жұтамыз? (мұрынмен терең демалып, ауызбен шығарып жаттығу жасайды)
-Біз терең демалғанда қандай ағзамыз жұмыс істейді? (көкірек тұсындағы өкпе)
Д/о «Бұл қандай құс?»
Мақсаты: Үй құстарының тіршілігі, олардың көбеюі, адамға әкелетін пайдасы туралы айта отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
-Балалар суреттен үй құстарын көрсете отырып, олардың айырмашылығы мен үй құстарының қалай дыбыстайтынын көрсетіп береді.
Сергіту сәті.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.

-//-

Теңізде толқын тербеледі,
Қайықтар жүзіп келеді.
Шағалалар шаңқылдап,
Ұзақтан ұшып келеді.
-Міне балалар сендермен құстар туралы толық мәліметке ие болдық. Олардың дене бітімі, тіршілігі, табиғат пен адамзатқа тиер пайдасы туралы білеміз.
-Келіңдер осы құстардың балапанын әдемі түрлі-түсті қағазбен жапсырайық.

-Әдемі жұмысымызды кешке ата –анамызға сыйлайық.
Жапсыру. «Әдемі балапан»
Балалардың жұмысы
(Балалар жұмыс істеп жатқанда «көңілді балапандар» әуенін баяу қойып қою)
Сабақ соңында балалардың жұмыстарын жинап алып «сүйікті балапан» атты көргізбе жасап қою.
Балаларды мадақтап, тосын сыйға тауықтың алтын жұмыртқасын тарқатып беру.

ТЕМИРБАЕВА ЛУИЗА ХАЖМУХАММЕДОВНА
Степногорск қаласы
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы
Тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.