Home » Мақалалар » ҚҰСТАР — БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ

ҚҰСТАР — БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ

 

Жақында Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының тәлімгері Айнагүл Калымбекқызы және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Құстар — біздің досымыз» атты 5-7 сыныптар аралығында сайыс өтті. Сайысқа әділ баға беру үшін «Баянауыл ұлттық паркінің» мамандары шақырылды.

Сайысқа оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері дайындады. Оқушылар өз топтарының атын, эмблемасын, ұраны мен музыкалық сәлемдемесін, қатысушылармен ойналатын ойын түрлерін әзірледі.

Аталған іс-шараны мектеп-интернаттың оқушылары мен ұстаздары, ата-аналар  тамашалады. Қатысушылар сайыстың әр кезеңінде құстардың оралуын асыға күтіп жүргендерін, оларсыз туған жердің табиғаты толық болмайтындығын бар өнерлерін салып, насихаттай білді. Сайыстың қорытындысына сәйкес, бас жүлдені «Қыран» тобы жеңіп алса, І орынға «Сұңқар» тобы, ІІ орынға «Қарлығаш» және «Бұлбұл» топтары, ІІІ орынға «Аққу», «Көгершін» топтары ие болысты.

Көңілді кештен жанкүйерлер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Шынында да, өзінің Отанын, жерін, орманын, көлін, таңғажайып табиғатын сүймейтін адамзат бола ма?!

 

 

   Айжан АМИРХАНОВА,
 Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру
мектеп-интернатының тәрбиешісі
Баянауыл ауданы,
Павлодар облысы

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.