Home » Ашық сабақтар » ҚҰСТАР – БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ

ҚҰСТАР – БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ

Сабақтың мақсаты: балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп-бағуға, аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу. Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстарға деген сүйіспеншілік сезімге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.

Көрнекіліктер: құстар бейнеленген атрибуттар, құстар жайлы үнтаспа, ойындар

Музыка әуенімен (мир животных)

Тәрбиеші: — Балалар, қараңдаршы, біздер сиқырлы баққа да ұшып келдік, қандай керемет бақ!

Шаттық шеңбер;

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз тыныштық

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз

Бәрімізде біргеміз.

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті.

Тәрбиеші: — Ал қанекей, балалар, “Сәлем” дейік үлкенге.(Саламатсыз ба,здравствуйте, гуд монинг)

Музыка әуенімен ішке Жер ана кіреді.

— Мен өз бағыма келіп дем алайын десем, балалар келіп қалыпты ғой! Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем – весна – спринг

— Көктем мезгілінде қандай өзгерістер орын алады?

Балалардың жауабы: — Ағаш бүршік атады, жер көгереді, құстар келеді, жауын-шашын көп болады, жәндіктер ұйқысынан оянады, құстың дауысы естіледі (шағала).

Жер ана: — Қандай құстарды білесіңдер? (көгершін, қарға, тоты құс, қараторғай, аққу) Біздің оқу қызметімізде Туған өлкемізде кездесетін құстар түрімен танысатын боламыз.

Жер ана: Олай болса менің сендерге тапсырмам бар,орындасаңдар сыйлығым бар.

Тәрбиеші: — Балалар, жер ананың бізге берген тапсырмасын орындау үшін орталыққа бөлінейік (көркем әдебиет, өнер, аспаздық)

Сабақтан қарап айту

Балалар теледидарға көңіл бөлейікші: Төрт құс: 1)Мынау – бүркіт: таулы жерде ұшады, жерде де жүреді, жүгіре де алады. Адамдар бүркітті қолға да үйрете алады, аң аулау үшін пайдаланады. Бүркіт ет жегенді жақсы көреді, азығы – қоян,түлкі.

2)Торғай. Торғайлар топтасып ұшады, өзі дөңгелек тәрізді дән жегенді ұнатады. Кіп-кішкентай құс. Адамдар жем салғыш жасап, қамқор боламыз.

3) Қарлығаш, бұл – үйдің шатырына ұя салатын құс және ол біздерге жақын жерде жүргенді жақсы көретін құс.

Сергіп аламыз.

Балалар ағаш ұя жасаймыз, қолымызды үшбұрыш қылып қоямыз, құстар ұяға келіп қонды, құс ұшқысы келді.

Құстар қанат қағады,

Көкке самғап ұшады.

Барлық құстар қосылып

Шиқ-шиқ деп ән салады.

4) Аққу – киелі құс. Бұл біздің өлеңімізде кәрі Каспий теңізінде болады. Аққу керемет әдемі құс, суда жүргенді ұнатады екен.

4-тапсырма:

  1. Жұмбақ: Шарлап келіп даланы

Үйіме үйін салады (қарлығаш)

  1. Су бетін жүзіп

Ақ құман жүр сүзіп (Аққу)

  1. Қай құс қай жерде мекендейді (бала сөйлейді: бүркіт, аққу, торғай, қарлығаш)

Мекеніне орналастыр

  1. Құстар қандай азықпен қоректенеді: Бүркіт – аңмен, торғай – құртпен, аққу – балықпен.

Балалар, сендер білесіңдер, әр құс өз мекеніне келетінін білесіңдер ме, құстар орындарын тап?

Тыйым сөздер

Жер ана: Құстар туралы тыйым сөздерді кім айтады?

— Құсқа тас лақтырма.

— Құстардың жұмыртқасын жарма.

— Аққуды атуға болмайды.

— Досыңды сатуға болмайды.

— Құстың ұясын бұзба, қарғысқа қаларсың.

Қиылған құстарды құрастыр.

Құстардың түрі өте көп. Өлкемізде жабайы құстар табиғатты өз алдына тіршілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады, құстар бір орнында тұрмайды. Олар бір жерден 2-ші жерге ұшып қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет олар ұшады. Қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар.

Саумбаева Акзия

«Құлыншақ» балабақша тәрбиешісі

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Құрық ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.