Home » Балабақша » Құстар – біздің досымыз

Құстар – біздің досымыз

Білім беру саласы:Таным
Бөлімдері: Экология негіздері
Мақсаты: Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру. Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой-өрісін дамыту. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: дала,үй құстары, қыстайтын құстар, құс қанаты, сүрткіш, су. Құстар суреті, слайд
Алдын ала жұмыс: құстар туралы тақпақтар, тыйым сөздер жаттау.
Билингвалдық компоненті: Құстар – птицы-birbs

Балалар, алдымен қонақтармен амандасып алайық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бәріңізге құрметпен,

Бас иеміз біз.

Саламатсыз ба!

Здраствуйте!

helloy

Оқу қызметімізді жақсы тілекпен бастайық
Нұр құшып әлемге,
Арайлап таң атты.
Жарқырап күніміз,
Жер-көкті оятты.
Қайырлы таң, қайырлы күн! Балалар, бүгін біз не туралы айтатынымызды білгілерің келе ме? Олай болса, жұмбақ шешіп көрейік.Егер жұмбақтың шешуін дұрыс тапсаңдар, жасырын кейіпкеріміз шығады.

Қалықтап қанаты,

Аспанда ұшады.

Ал адамға ең жақын,

Досы боп қалады. (құс)

Екі құс дауласып кіреді. (Тауық пен қарға)

Сендер неге дауласып жатсыңдар?

Екі құстың қайсысы адамға пайдалы деп ойлайсыңдар? Балалардың ойын тыңдау

1 Сендер қандай құстарды білесіңдер?
Тәрбиеші: құстар екіге бөлінеді.

Үй құстары, дала құстары

Үй құстарын біз тамақтандырамыз.Оларға жем, су береміз.

Ал дала құстарының өзі екі түрге бөлінеді:қыстайтын және жыл құстары. Дала құстары өз тамақтарын өздері тауып жейді.

Ал үй құстарына біз өзіміз қамқорлық жасаймыз.

Қандай қамқорлық жасаймыз? Балалар құстардың қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

Құстардың түрі өте көп. Жабайы құстар табиғатта өз алдына тіршілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орнында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып-қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады. Қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығы: құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір-біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы.

Құстар – біздің досымыз.Олар біздің бау-бақшамызды жәндіктерден қорғайды, ағаштарды қорғайды, егер құстар болмаса, өсімдік, ағаштар дұрыс өспес еді.

Д/О: «Қандай құстың дауысы»

Құстардың қоректерін табу

Тырна бақамен қоректенеді

Бүркіт тышқан,қоянмен қоректенеді

Қарлығаш құртпен қоректенеді

Тауық жеммен

Құстар туралы тақпақ.
Айназ: Мен торғаймын, торғаймын,
Жерге бекер қонбаймын.
Құрт-құмырсқа, шіркейден,
Ақ бидайды қорғаймын.
Армат: Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
3 Тыйым сөздер.
1. Құсты атпа
2. Құстың жұмыртқасын жарма
3. Құстың ұясын бұзба
4. Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Тыйым сөздер слайдпен

Мнемосхема арқылы өлеңді жаттау

Торғай, торғай, торғайлар,

Суықтан да тоңбайды.

Құрт-құмырсқа, шіркейден,

Бау-бақшаны қорғайды.

Сергіту сәті

Ағашқа ұя жасаймыз(қолды үшбұрыш жасайды)

Құстар ұяға келіп қонды(құс болып ұядан басын шығарады)

Жан-жағына қарады

Құс ұшқысы келді, қанатын жайды,ұша алмады

Ол қанатын жаттықтырды

(алақанымызды айқастырамыз)ұшамыз

Құстар қанат қағады

Көкке самғап ұшады

Барлық құстар қосылып

Шиқ-шиқ деп ән салады

Құс қайтып келіп ұясына қонды

Құстардың барлығының қанаттары бар ұшады, суда жүзеді.

Олар суға бата ма? Олар суда батпайды, оның себебін қазір біз тәжірибе арқылы анықтап көрейік. (тәжірибе жасау)

Оларды суықтан қорғайды және судың бетінде қалықтап жүзуіне көмектеседі.

«Ұшты-ұшты» ойын.

Құстардың сөзі: Балалар, біз екеуміздің пайдамыз көп екенін түсіндік.Рахмет сіздерге, құстар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер.Ал біз енді өз мекенімізге оралайық.Сау болыңдар! Қыт-қыттап, қарқылдап шығып кетеді.

Қорытынды.Біз не туралы айттық?

Құстардың қандай түрлері бар?Қандай пайдасы бар? Балалар, сендерге көп-көп рахмет.Бүгінгі оқу қызметіне барлығыңыз жақсы қатынастыңыздар.

Мадақтау, марапаттау

Кенжебаева Айымгул Рысқалиқызы,
БҚО, Орал қаласы
№46 «Ақжайық» бөбекжайының тәрбиешісі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.