Home » Балабақша » Құстар біздің досымыз

Құстар біздің досымыз

Қантарбаева Жайна Мырзабайқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№ 70 «Құлыншақ» балабақшасының
«Қарлығаш» ересектер тобының тәрбиешісі.

 

 

Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту.
Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Баланың ой — өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Жарқырасын күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық сабақ бүгін біз.
Тәрбиеші: Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс — әрекетімізді бастайық.
– Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
– Бір жылда 4 мезгіл бар.
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір жылдың көктем мезгілі.
–Көктем айларын атап беріңдерші?
Наурыз, сәуір,мамыр
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Күн жылиды, қар ериді,ағаштар бүршік атады, құстар жылы мекендеріне ұшып келеді
Балалар біз бүгінгі сабақта құстар туралы әңгімелейміз
Құстардың түрлері өте көп. Құстар табиғатқа сән береді. Құстардың әуені табиғатты құлпыртады, адамдардың көңіл – күйін көтереді. Өзіміздің жерімізде мекендейтін құстар туралы айтамыз.
— Балалар құстар екі топқа бөлінеді екен?
— Қандай топқа бөлінеді екен?
— Қане кім айтады
— Үй құстары және дала құстары
— Дұрыс балалар
— Ал үй құстарына қандай құстар жатады?
— Әтеш, тауық, үйрек, қаз
— Өте жақсы
— Неге үй құстары деп атаймыз?
— Себебі оларға жем, су беріп үйде бағамыз
— Өте жақсы
— Үй құстарының қандай пайдасы бар?
— Үй құстары бізге жұмыртқа береді, етін жейміз
— Өте жақсы
Ал дала құстарына қандай құстар жатады?
Қарлығаш, торғай,сауысқан,қарға, т.б
Дала құстарының қандай пайдасы бар?
Олар табиғатты қорғайды
Құстар туралы кім тақпақ айтады?
Құс сұлуы аққуым,
Табиғат көркін сылаған
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көзі қимаған

Тысқа шықсам аула қар
Басып қапты маңайды
Тал басынан қарғалар
Тамашалай қарайды

Ала қанат сауысқан
Жауыр атқа жабысқан
Ұзын құйрық сауысқан
Құртты шұқып тауысқан

Ақ шаңқан шағала
Айдында жағада
Шарқ ұрып жүреді
Жүзе де біледі
Барлығын қалаған
Ұшып кеп, іледі
— Өте жақсы
— Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын. Мұқият тыңдаймыз
Жұмбақ
Бұдыр – бұдыр балшықты
Жинады да талшықты,
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)

Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сoндай қарқылдақ (Қарға)
Бұрап қойған сағаттай
Айқайлайды таң атпай (Әтеш)
Судан шықса баладай
Тәй – тәй басып қаладай (Қаз)
Өте керемет балалар жарайсыңдар
— Балалар біз мақал – мәтел білеміз ба?
— Қане кім айтады?
Қарға қарқылдаса, қысты шақырады
Қаз қаңқылдаса жазды шақырады
Қара құс басып жейді
Сұңқар шашып жейді
Көкек өз атын шақырады
Құс жеткен жеріне қонады
— Өте жақсы балалар
— Ал енді балалар тыйым сөздер білеміз ба?
— Қане кім айтады?
Аққуды атпа
Досыңды сатпа!
Құстың ұясын бұзба!
Құстың жұмыртқасын жарма
— Өте жақсыСергіту сәті
Күн болып шығамыз
Гүл болып өсеміз
Құстар болып ұшамыз
Көбелек болып қонамыз
— Өте жақсы балалар
Қорытынды:
— Балалар құстар нешеге бөлінеді?
— Екіге бөлінеді
— Қандай құстар болып бөлінеді?
— Ұй құстары және дала құстары
— Өте жақсы
— Балалар үй құстарының қандай пайдасы бар?
— Жұмыртқа береді, етін жейміз
— Ал дала құстарының қандай пайдасы бар?
— Табиғатты қорғайды
— Өте жақсы
— Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар
Осымен сабағымыз аяқталды.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.