Home » Ашық сабақтар »   Құстар – біздің досымыз

  Құстар – біздің досымыз

Міншарипова Гүлнұр Исламқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№70 Құлыншақ балабақшасы
 «Қошақан» ортаңғы топ,
II санаты тәрбиеші.

 

Мақсаты: Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беру. Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен сақтандыру, құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Сондай-ақ, балалар Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстар жайлы плакаттар.Ата-аналармен бірге жасаған құстарға арналған ұясын қойып қою көрме ретінде.
Тәрбиеші: Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті дегендей халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні құстар. Олардың құбылтып салған әндері біздерді сүйсіндірмей қоймайды. Қанатты достарымызды республиканың қай түкпіріне сапар шексек те кездестіреміз. Өйткені туған өлкенің климаты мен жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік жасайды..
Оған дәлел халықтық аңыз ертегілер, құстар жайлы айтылатын ән-жырлары. Адамды алғаш рет таңдандырушы құстардың ұшу қасиеті болған. Себебі ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнген кезде құтқарушы жақсылық жасап дәулет сыйлаушы Бақыт құсы кездеседі. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсетеді. Құстар сонымен бірге дала дәрігері деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен..

Тәрбиеші:Үйге берген тапсырмалармен балаларды бір-бірлеп отырып шақырып, үйде ата-анасымен жасаған ұясын таныстырады, неден жасағанын айтып өтеді.
Қандай құс хат тасушы атанаған? (Көгершін)
Құстың негізгі мекені? (Ұя)
Тәрбиеші: Құстарға арналағн көптеген жұмбақтар да бар. Енді осындай біраз жұмбақ шешіп көрейік.
Ауылда, қалада мекені,
Жолаушы жүрсек шығарып салады.
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді.(Қарлығаш)

Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар? (Қараторғай)

Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды.(Түйеқұс)

Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс?(Сауысқан)

Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап,(Балапан)

Сергіту сәті:

Нан қоқымын шашпаймыз

Жерде жатса баспаймыз

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаймыз
Балаларға орындарынан тұрғызып, шығармашылық алаңға баруға жағдай жасау
Шығармашылық орталықта балалардың алдында қиылып дайындалған ұя қиындылары тұрады, балалар желіммен құрастырып жапсырады. Әр бала  өз жасаған жұмыстарын балаларға көрсетіп, қорғап шығады.
Тәрбиеші: Міне, құрметті көрермендер осымен құстарға арналған
Құстар – біздің досымыз атты ашық ұйымдастырылғаноқу қызметіміз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.