Home » Балабақша » Құстар біздің досымыз

Құстар біздің досымыз

Сыбанбаева Гулчехра Алтымбекқызы,
«Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» тәрбиеші
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы , Т.Рыскұлов ауылы

 

 Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Мақсаты: Балалардың білімдерін жетілдіріп, табиғатты сүюге, құстарды аялауға оларға қамқорлық жасауға және үй құстарынан дала құстарын ажырата білуге үйрету.

Қажетті көрнекі құралдар: Суреттер, үй құстары және дала құстарының суреттері. Дидактикалық материалдар; слайд.

Іс – әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс –әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.

Мотивациялық – қозғаушылық.

Шаттық шеңбер

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап

Жүрейікші жараса

Сәлем саған жер – Ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман – есен болайық,

Бейбітшілік  қалайық.

-Сәлеметсіздер ме, апайлар

-Сәлеметсіздер ме, достар.

Жарайсындар балалар!

Балалар бүгінгі ашық оқу қызметімізді бастамас бұрын жыл мезгілдерін есімізге түсірейікші.

Тәрбиеші: Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар:Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.

Тәрбиеші: Кім атап береді?

Балалар:Көктем, жаз, күз, қыс.

Тәрбиеші: Ал, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: -Қазір жылдың күз мезгілі.

Тәрбиеші: -Күз мегілінде неше ай бар?

Балалар: — Күз мезгілінде үш ай бар.

Тәрбиеші: — Кім атап береді?

Балалар: — Қыркүйек, Қазан, Қараша.

Тәрбиеші: — Қазір қай ай?

Балалар: — Қараша айы.

Тәрбиеші: — Күз мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?

Балалар: — Күн суық болады, жаңбыр жауады, жел тұрады.

Тәрбиеші: — Балалар бізді қоршаған орта қалай аталады?

Балалар: — Табиғат деп аталады.

Тәрбиеші: — Табиғат неше түрге бөлінеді?

Балалар: —Екі түрге бөлінеді. Тірі табиғат және өлі табиғат.

Тәрбиеші: — Тірі табиғатқа адамзат, ағаштар, құстар, гүлдер.

Балалар: — Өлі табиғатқа тас, су, құм, тау жатады.

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар!

Құстар туралы аудиозапись қосылады.

Тәрбиеші: Балалар ненің даусы?

Балалар: — Құстардың.

Тәрбиеші: — Дұрыс балалар біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміз құстар жайлы болады.

Тәрбиеші: Балалар, ал енді бәріміз слайдқа қарайықшы.

Бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Құстар біздің досымыз» деп аталады.

Тәрбиеші: — Құстар үй құстары және дала құстары болып екіге бөлінеді.

Үй құстарына: тауық, әтеш, балапан, қаз, үйрек.

Тәрбиеші: Үй құстарының қандай пайдасы бар екен?

Балалар: Үй құстарының етін, жұмыртқасын жейміз, мамықтан жастық жасаймыз.

Тәрбиеші:Неге үй құстары деп аталады?

Балалар: Өйткені үй құстары адамдардың қамқорлығында болады.

Тәрбиеші:Үй құстары қалай көбейеді?

Балалар: Үй құстары және дала құстары жұмыртқадан пайда болады.

Жұмыртқадан балапандар шығады. Ана құстар балапандары үлкен болғанша ауыздарымен азықтарын тасып береді.

Тәрбиеші: Дала құстарына: тоқылдақ, сауысқан, қарға, торғайлар тағыда басқа құстар кіреді.

Дала құстарының қандай пайдасы бар екен?

Балалар: Дала құстары ағаштарды құрт-құмырсқадан қорғайды. Оларды теріп жеп, ағаштардың өсуіне көп көмек келтіреді.

Тәрбиеші:Балалар сендер құстар туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалар: Ия

1- бала:

     Маржан: Тоқылдақ

Тоқылдақтар тоқылдап.

Ешбір тыным көрмейді,

Ағашты қанша тессе де.

Жұмысы бір өнбейді,

Құртты іздеп інінен,

Қарағайды үңгіген,

Тоқылдақ құс дәрігер,

Қашанда ол әбігер.

2- бала: Мөлдір (Сауысқан)

Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан

Бір тамырдан тамырға,

Секен-секен ауысқан.

3-бала Нұрислам (Қарғалар)

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар.

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық,

Торғай болып қонайық.

Сауысқан болып секіріп,

Тоқылдақ болып шоқиық.

Кане қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып – ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

Есік қағылады. Қонаққа бала келеді, қолында құс ататын рогаткасы бар. Сен кімсін, менің атым Заңғар. Қолыңдағы не? Құс ататын рогатка. Осы рогаткамен барлық құстарды атамын.

Тәрбиеші: Құстар жылайды гой?

Заңғар: Қалай жылайды?

Тәрбиеші: Құстардыңда жаны бар, оларда жаралы болғаннан қорқады. Ал енді сен біздің ашық оқу – қызметімізге қатысып көрші, құстардың қандай қамқор керек екенін білерсің. Өз өйыңды өзгертерсің. Ал енді біздің балалардың тақпақтарын тыңдап көрші.

1 – бала: Мөлдір

Ой балалар, балалар,

Құстарда да ана бар.

Құстарда да бала бар,

Құс ұясын бұзбайық

Обалына қалмайық

2 – бала: Алтынбек

Шыр – шыр еткен торғайды,

Қорғамасақ болмайды.

Кіп – кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

3 – бала: Айдархан

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

4 – бала: Қарақат

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жаққа қыстайды.

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа.

Құстарды біз атпаймыз,

Қыста жемдеп баптаймыз.

Қамқор болып бәріне,

Қорғау заңын сақтаймыз.

Дидактикалық ойын: «Үй құстары мен дала құстарын өз орнына орналастыр?»

Ал балалар келіңдерші ойын ойнайықшы.

Ойын шарты: Үй құстарын қораға немесе үй ауласына, дала құстарын ағаштарға орналастырамыз.

Шығармашылық орта:

Тәрбиеші: Балалар ашық оқу – қызметімізді шығармашылық ортада жалғастырайықшы.

Тәрбиеші: Балалар екі топқа бөлінеді.

1 – шы топ дайын балапанның сызбасына ермексаз жапыстырылған дайын үлгіге тарыны алып жапыстырып балапанның бейнесін толықтырамыз.

2 – шы топ дайын көгершіннің сызбасына ермексаз жапыстырылған, сол жапыстырылған ермексазға күрішті жапыстырып көгершін бейнесін толықтырамыз.

Шығармашылық ортада қауыпсыздық ережесін сақтаймыз.

Ал мына көгершіндер сендерге конаққа келіп тұрған сияқты ғой, көгершіндерге қамқор болып қолымызбен бәріміз жем шашайық келіңдер.

Қортындылау:

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз ашық оқу – қызметімізде нелермен таныстық? Нені түсіндік?

Балалар: Құстар мен таныстық, құстарға қамқор болу керек, құстар біздің досымыз жайлы білдік.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар сендерге көп рахмет, бүгінгі ашық оқу – қызметімізге жақсы қатыстыңдар. Ал енді Заңғар құстарды атасынба.

Заңғар: Жоқ, жоқ, құстарды енді атпаймын, бұдан былай құстарға қамқор боламын.

Тәрбиеші: Өз ойыңды өзгерткеніңе рахмет. Ал енді балалар «Ақ көгершін» атты әнімізді айтайықшы.

Тәрбиеші: Заңғар тағыда көмек керек болса бізге кел, біздің балалар саған көмектеседі.Ал балалар келген қонақтармен  қоштасайық. Көріскенше күн жақсы, сау саламат болыңыздар!!!

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.