Home » Жаңалықтар » ҚҰСТАРҒА КАФЕ

ҚҰСТАРҒА КАФЕ

Науқан

      24 қараша күні Павлодар облысының «Экоboom» жобасы аясында Павлодар қаласы №7 Жалпы орта білім беру бейімдік бейімдеуге мамандырылған мектебі әкімшілігінің ұйымдастыруымен, 4 сынып оқушылары арасында «Құстарға кафе» науқаны өткізілді.

Акцияның мақсаты: оқушыларды табиғатты сүюге, құстарға ұя жасап, қамқор болуға тәрбиелеу және қоғамның назарын осы мәселеге аудару болды.

 

Сенбі күні өткізілген игі бастама балалардың ғана емес, ата-аналардың да қызығушылығын арттырып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мектеп оқушылары сынып жетекшілері және ата-аналарының қатысуымен құстарға тақтайдан әдемі ұялар жасап, оны сәндеп, мектеп ауласындағы ағаштарға бекітті. Сондай-ақ, қыстың аязы мен ызғарынан қорғанып, жаңа ұяға ұшып келген құстар үшін ыдыстарға  жем қойылды.

«Тәрбие – тал бесіктен» дегендей, бұл күні жас жеткіншектердің ежелден табиғаттың сәні болып келген қанатты достарына қамқорлық жасауы – сәтімен жүзеге асты.

 

Баршагүл Төңкерханқызы,
ТЖДО

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.