Home » Оқу-әдістемелік материалдар » «Құрық орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаңа білім беру жүйесіне көшуде өтпелі сыныптарды бейімдеу бағытындағы тәрбие жұмыстары тәжірибесінен…

«Құрық орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаңа білім беру жүйесіне көшуде өтпелі сыныптарды бейімдеу бағытындағы тәрбие жұмыстары тәжірибесінен…

 Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дейді. Олай болса білім мен тәрбие – бір-бірінен ажырамас ұғым. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретін – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін жүк ауыр», — деген болатын. Олай болса, бүгінгі жаңартылған білім мазмұнындағы басты өзгерістің бірі бес күндік оқу бағдарламасы тәрбие жұмысына мол мүмкіндік беріп отыр.

Адам бойында қабілет пен қасиетті қатар дамытқанда ғана одан рухани-адамгершілігі мол, білімді ұрпақ қалыптастыра аламыз. Алайда, біз бала бойындағы қабілетке ғана көңіл бөліп, қасиетті дамытуды екінші орынға қалдырып келдік. Жоғарғы қасиет – адам бойында рухани-адамгершілік тұрғыдан көрініс табатын белгі. Рухани-адамгершілік – бұл адам бойындағы біз ойлаған жоғары тәрбиелілік. Тәртіпті ұл, тәрбиелі қыз қалыптастыру үшін алдымызға нақты мақсат қоя отырып, сол мақсаттың нәтижесіне қол жеткізуіміз қажет. Жоспарланатын жұмыстар тәрбиелі, білімді өз елінің патриотын қалыптастыру мақсатын көздейді.

Бұл мақсат білуге құмарлықтан басталады. Білуге құмар оқушыны қалыптастыру үшін әр мұғалім алдын-ала нақты жоспарлар жасақтап алуы тиіс. Ол жоспар баланы табандылыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа, ыждағаттылықты үйретеді. Осындай қабілетті қалыптастырған баланың бойында өзіндік мені оянады, білім алатын ошағына деген сенім қалыптасады, өз өмірін бағалай білуді үйренеді, қоршаған ортаға деген оң көзқарас қалыптасады.

Бұрынғы жүргізілген тәрбие жұмыстарымызды жалпылама түрде орындап, кейде нақтылыққа көп көңіл бөлген жоқпыз. Сондықтан да алдымыздағы баланың тәрбиелілік деңгейінің қандай екені ата-анаға да, мұғалімге де, тәрбиеленіп отырған оқушының өзіне де беймәлім тұстары көп болды.

Бүгінгі жаңартылған білім мазмұны бізден нақтылықты талап етеді. Ол нақтылық өлшем бірліктер арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан біз тәжірибені бастамас бұрын Елбасымыздың 2014 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауындағы «Мәңгілік ел» және 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру туралы идеяларын басшылыққа ала отырып жоспардың үлгісін жасақтау маңызды. Жоспар бойынша тәрбиенің мақсаттары мен болжамдары, бағалау өлшемдері нақтыланды. Бағалау өлшемі ретінде бірнеше критерийлер мен одан шығатын дескрипторларды анықтап, қойылатын басты талаптары белгіленеді. Олар:

  • тәрбие мақсаты тәрбие критерийіне бағынышты болуы;
  • тәрбие критерийі оқушы, ата-ана, мұғалімге түсінікті болуы тиіс;
  • талап нақты болуы қажет;

Осы талаптарға сәйкес алынған  бағамдау бойынша оқушы, ата-ана, сынып жетекші үштігімен бірлескен сауалнама үлгісі жасалынады.

Өз тәжірибемізде 2016-2017 оқу жылының қаңтар айынан бастап 4-7 сыныптардың жетекшілері, келесі оқу жылында сол сыныпты алатын сынып жетекшілері, ата-аналарды қатыстыра отырып бірлескен жұмыстар атқарылды. Бұл тәжірибелік жұмыс барысында оқушыға, ата-анаға, сынып жетекшіге сауалнама беріліп, бағалау үнемі жүргізіліп отырды. Сауалнама белгіленген жоғарыдағы бағалау өлшемдері негізінде жасақталды.

Тәжірибеге қатыстырылатын сынып оқушылары, ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сауалнама 2 рет алынды. Қорытындысы шығарылып, нәтижесі бойынша сынып жетекшіге ары қарай сыныппен қай бағытта жұмысқа басымдық бере отырып жұмыстануы керектігі туралы мектеп психологы, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагогтары тарапынан бағыт-бағдар берілді. Алынған сауалнама қорытындысы салыстырылып, оқушының тәрбиелік деңгейі анықталады. Алынған қорытынды негізінде оқушының оқудағы жетістігі мен тәрбиелік деңгейіндегі қалыптасқан дағдылары бойынша нәтиже келесі сыныпты алатын сынып жетекшіге таныстырылды. Атқарылған жұмыстар қорытындысы әр баланың мүмкіндік деңгейін нақты біле отырып, одан ары жан-жақты дамыта, нәтижелі жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бұдан ары жоғары сыныпқа көшетін оқушыны бейімдеуде тиімділігі байқалды.

Біріншіден, келесі жылы алатын сынып жетекшімен оқушылар таныс болады, екіншіден болашақтағы сынып жетекші әр баланың тәрбиелік деңгейін, психологиялық ерекшелігін, қабілетін біліп отырады және алдағы тәрбиелік шараларын сол оқушылардың мүмкіншілігіне қарай жоспарлайды.

Мұндағы негізгі мақсат тәрбие критерийі нақты болып, жүйелі жұмыс жүргізілсе тәрбиелі тұлға қалыптастыруға болады.

 

Оқушының тәрбиелігін бағалау мақсатында алынған сауалнама үлгіс

Менің қарым-қатынасымӨзін-өзі бағалауАта-ананың бағасыСынып жетекшінің бағасыҚорытынды баға
1.Білуге құмарлық-маған білім алу қызықты
-үй тапсырмасын үнемі орындаймын
-түсініксіз сұрақтарға жауап табу қызықты
-жақсы баға алуға тырысамын
2.Ыждағаттылық-оқуға тырысамын
-зерделімін
-дербеспін
-басқаларға көмектесемін,басқаның көмегіне жүгінемін
3.Мен және мектеп-мектеп ережесін орындаймын
-оқушы ережесін орындаймын
-мектептің ішкі ережесін орындаймын
-мектептегі барлық жұмысқа қатысамын
4.Табиғатқа қарым-қатынас-жерді қорғаймын
-өсімдіктерді қорғаймын
-жануарларды қорғаймын
-табиғатты қорғаймын
5.Өмірдегі тамаша сәттер-тазалықты сақтаймын
-қарым-қатынас мәдениетін сақтаймын
-өз істерімнің әдемілігін бағалаймын
-өмірдегі әдеміліктерді көремін
6.Өзіме деген көзқарасым-өз мінез-құлқымды басқарамын
-жеке басымның санитарлық гигиеналық талаптарын сақтаймын
-өз денсаулығымды сақтаймын
-еңбек пен демалыс уақытымды дұрыс жоспарлай аламын
-зиянды әдеттерге әуес емеспін
-жағымды дағдыларым бар

Жабасова Жанар Кадировна,

«Құрық орта мектеп-гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

директордың тәрбие жөніндегі орынбасары,

2-деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.