Жұмыстың мақсаты: Жаңартылған оқу бағдарламасына өту кезеңіндегі 7-сынып оқушыларының жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп, кездесетін психологиялық кедергілерді азайтудың болдырмаудың жолын іздестіру. Бейімделу кезеңінің сәтті өтуіне жағдай жасау.
Жыл сайын бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделу кезеңі кез-келген мектеп үшін өзекті мәселе болып табылады. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы орын алады. Биылғы 2017-2018 оқу жылының ерекшелігі 7-сынып оқушыларының жаңартылған оқу бағдарламасына көшуі жағдайы болып тұр. Сондықтан бұл кезеңде кешенді жұмыс жасамаса, бейімделу кезеңінде көптеген қиыншылықтар туындауы мүмкін. Осыны ескере келе мектеп психологымен төмендегідей кешенді жұмыс түрлері атқарылды:
Бірінші кезекте оқу жылының аяғында мектеп мұғалімдерімен семинар-тренинг өткізілді. Оның мақсаты – жаңа білім мазмұнына өту кезеңінде 5-7-сынып оқушыларын зерттеп, кездесетін психологиялық сәтсіздіктерді болдырмаудың жолдарымен таныстыру. Мектеп ұстаздарымен семинар-тренинг кезінде келесі жұмыстар жүргізілді:
- Өтпелі әр сыныптың педагогикалық-психологиялық картасымен таныстыру.
- Өзгеріске байланысты мұғалімдермен тренингтер өткізу.
- Жаңартылған оқу бағдарламасы туралы ата-аналарға ақпарат беру.
- 5-7-сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде ескеретін жағдайлар.
Онан әрі сынып ата-аналарымен сұхбат өткізілді. Онда ата-аналарға жаңартылған оқу бағдарламасы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Ата-аналардың пікірі тыңдалып, талқыланды. Ата-аналарға келесі кеңестер берілді:
1.Балаға үй тапсырмасын орындау кезінде қажет жағдайды жасауға тырысыңыз.
2.Қабілетін анықтаңыз, осы бағытта дамуына көмектесіңіз.
3.Өзі қызығатын спорт түрімен шұғылдануына, күн тәртібін орындауына көңіл аударыңыз.
4.Баламен театрға, кітапханаға, мәдениет үйлеріне, кездесулерге баруға тырысыңыз. Балаңызбен көрген кино, оқыған кітап, кездесулерді талдаңыз.
- Мектептегі ата-ана күндерін жіберіп алмауға тырысыңыз.
Мектептегі жаңа өзгеріске оқушы дамуына көмектесі үшін «Ата-аналар мектебін» құру туралы ұсыныс енгізілді.
Мұғалімдермен өткізілген дайындық жұмыстарында оқушының жеке дара ерекшелігі, оны дамыту, психологиялық ерекшеліктеріне назар аудару, бір сөзбен айтқанда тұлға ретінде дамуына көмектесу бағыты сөз болды.
Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, өзгеру жағдайы бала үшін сәтті өтуіне жағдай туғызу мәселесін жан-жақты ұйымдастыруға тырысуға бағытталған жұмыс жоспарланылды.
Даукиев Сайран,
педагог-психолог, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі