Home » Ашық сабақтар » Құрылысты дамыту мен жастар саясаты өзекті  мәселе

Құрылысты дамыту мен жастар саясаты өзекті  мәселе

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ең маңызды мәселенің бірі 2019 жылдың Жастар жылы болып жариялануы болды. Елбасы жолдауында «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы арқылы тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру, «7-20-25» бағдарламасын ұсыну  арқылы  тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыру, әкімшіліктерге жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтарды субсидиялау тапсырылған. Сонымен қатар біліктілігі жоғары жас мамандарға тұрғын үй сертификатын беру арқылы ипотеканы қолжетімді түрде пайдалану мүмкіндігін көздеген. Мемлекетіміздің болашағы – жастар мен отбасылық институтты кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағдарына айналуы тиіс деп атап көрсетілді. Сондай-ақ, заманауи урбандалу үдерісінің жоғары қарқынын ескеріп, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажеттігі де айтылды. Жастар мемлекеттің болашағы екендігі бұлжымас ақиқат болғандықтан олардың білім және әлеуметтік деңгейі бойынша барлық санаттарының қамтылуы мен оларды мәдени, білім беру, жұмыспен қамтамасыз ету  сондай-ақ, рухани және материалдық тұрғыдан қолдау әрбір өркениеттк құндылықтарға ұмтылған елдің мұраты.

Бүгінгі күні жастар саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік ұстанымын айқындайтын маңызды құжаттар: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы қаулысы. Бұл нормативтік құжаттар мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырудың және жүзеге асырудың құқықтық негіздерін айқын белгілейді. Қоғамдық даму министрлігі құрылымында 2018 жылы Жастар және отбасы жөніндегі комитет, ал өңірлік деңгейде Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылып. Жастардың өздерінің бәсекеге қабілетігін көтеру үшін және өз қабілеттерін танытуы үшін берілген бірегей мүмкіндіктерге, заман шарттарына және қарқынды өзгеріп жатқан әлем талаптарына сай келетін сапалы білім алудың маңызды.

Жаңа ғасырда серпін алған құрылыс нысандарының бой алуы еліміздің ірі және шағын қалаларының келбетін түбегейлі өзгертті. Құрылыс компаниялары өздерінің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп қана қоймай, заманауи технологиялармен қабаттаса жұмыс жасап келеді. Елдегі құрылыс саласындағы заманауи технология ең алдымен Астанада жүзеге асырылғаны және игілікке жарағаны айқын. Тұрғын үй салу комбинаттары, күн сәулесінен қуат алатын панельдер және тағы басқа жаңашылдықтар бас қала көшелерінен орын тапқан. Сондай-ақ мұнда «жасыл» технология бойынша салынатын тұрғын үй бой көтермек. Жалпы Қазақстанның әлеуметтік маңызды саласына қатысты жеке заңы тәуелсіздік алғаннан кейін шықты. Бүгінгі нормалар құрылыс саласында пайда болатын жаңа технологиялармен бірге дамып келеді. Отандық құрылыс саласындағы тәртіп пен өзгерістер, озық үлгідегі технологиялар мен сапа жайлы том-том кітәптар жазып шығаруға болады.

Дегенмен, қабылданған шараларға қарамастан, елімізде әлі де шешілмеген бірқатар мәселелер қалып отыр. Әкімдіктерде баспана кезегінде тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылыстарының жеткіліксіз қаржыландыру үрдісі байқалды. Оған қоса, тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесінің мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отыр, құрылыс индустриясының тиімді нарығы құрылған жоқ. Халықтың негізгі экономикалық белсенді бөлігін, оның ішінде жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету ісі де баяу жүруде.

Дәл осы проблемаларды шешу үшін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы жасалып отыр. Бұл жаңа бағдарлама Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының жылдық көлемін қазіргі 6 млн. шаршы метрден 2020 жылға қарай 10 млн. шаршы метрге жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы орайда, Елбасы тапсырған құрылыс саласындағы бастамалардың жүзеге асу барысында ҚазБСҚА-ның орны ерекше болып табылады. Сондықтан Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясы қабырғасында білім алып жатқан студенттерге еліміздің саяси-идеологиялық өміріндегі маңызды құжаттар жайлы түсіндіру жұмыстары жасалып отырады. Университет қабырғасында «құрылыс» мамандығы бойынша маманданып шыққан немесе оқып жатқан білім алушылардың ел болашағына қосар үлесі зор. Елiмiздiң болашағы жастардың қажымас еңбекқорлығына, арман-мұратының асқақтығына, ниет-тілегінің ізгілігне байланысты. Жас ұрпақ ата-бабаның мұрасы – рухани құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерiмiздi заманауи тұрғыда жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, заман талабына сай экономикалық білім мен ғылымды да дамытып, ел үшiн еңбектенуге мiндеттi.

 

 

Мейрманов Аманжол Досжанович,
Рыскелді Бақытжан Әбуұлы,
ҚазБСҚА Колледжінің
проф. ассистенттері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.