«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!
Құрметпен Республикалық ғылыми — танымдық
«Білім айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайтының ұжымы
Дорогие учителя!
Великий Абай сказал: учитель никогда не устает учить своих подопечных. Вами выполняется огромная работа по обучению, воспитанию подрастающего поколения, посеянное вами зерно это завтрашние наши всходы. Вы не только воспитываете подрастающее поколение, но и формируете будущее общество. Оценивая ваш большой вклад в общество, желаем больших успехов в этом многотрудном деле. Пусть вам сопутствует удача.
Желаем творческих удач во всех ваших начинаниях.
С праздником!
Редакция республиканской научно-познавательной газеты «Білім айнасы»
и сайта bilimainasy.kz