Home » Айтарым бар » Құрметті ұстаздар! Уважаемые учителя! ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ

Құрметті ұстаздар! Уважаемые учителя! ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ

Құрметті ұстаздар!

Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет еткен мұғалім еңбегінің орны бөлек, дәрежесі биік. Өз ісі мен сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін баянды ететін білімді ұрпақтың тәлімгері – сіздерге зор міндет артылып отыр.

Сіздер – ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мамандық иелерісіздер. Баланың болашағындағы жетістіктері, табыстылығы мен іскерлігі тікелей тәлімгерге байланысты.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз.

Осы орайда еліміздің миллиондаған баласына білім беріп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымын төл мерекелерімен құттықтаймын!

Құрметті ұстаздар! Ерен еңбектеріңіз әркез елене берсін, мерекелеріңіз құтты болсын!chinon-cs-kamera-fon-makro

Құрметпен,
ҚР Білім және ғылым министрі
Ерлан САҒАДИЕВ


Уважаемые учителя!

Сердечно поздравляю вас с профессиональным праздником — Днем учителя! Роль педагога в обучении и воспитании детей неоценима. Именно поэтому ваш профессиональный праздник стал истинно всенародным. Каждый бывший ученик с благодарностью хранит в памяти имена любимых учителей и наставников.

Сегодняшний ученик должен учиться самостоятельно мыслить, принимать решения и нести ответственность за свой выбор. Поэтому, чтобы научить каждого школьника учиться, педагогу важно осознавать суть глубоких перемен, которые происходят в обществе, владеть инновационными методами обучения.

Особое внимание, которое непрестанно уделяет развитию сферы образования Президент страны Нурсултан Абишевич Назарбаев, позволяет министерству создавать условия, конечной целью которой является воспитание образованной, гармонично развитой личности. А главная роль в этом непростом и ответственном деле отводится вам, дорогие учителя.

Желаю вам крепкого здоровья, счастья и творческих успехов!

С уважением,
Министр образования и науки РК
Ерлан САГАДИЕВ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.