Home » Айтарым бар » Құрметті ұстаздар мен әріптестерім!

Құрметті ұстаздар мен әріптестерім!

02-00777-copyҚұрметті ұстаздар мен әріптестерім!

Осынау ұлы мерекеде барша ұстаздарды, әріптестерім қала психологтарын, №53 «Мерей» балабақшасының қадірлі де, ұжымға сыйлы меңгерушісі Малика Бакитқызын өз атымнан және ұжымымыздың атынан төл мерекеміз Ұстаздар күнімен құттықтағым келеді! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат және талмас қанат тілеймін. Ұжым алдында әрдайым сыйлы болып, ортамызда жүре беріңіз. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Болашақ ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан үлесіңіздің жемісін көре беріңіз демекпін. Мерекелеріңізбен!

Құрметті ұстаздар!

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сынадай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі–өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Дорогие учителя!

Великий Абай сказал: учитель никогда не устает учить своих подопечных. Вами выполняется огромная работа по обучению, воспитанию подрастающего поколения, посеянное вами зерно это завтрашние наши всходы. Учитель – готовит не только будущее поколения да все будущее поколение образов. Оценивая ваш большой вклад в общество желаю больших успехов в этом много трудном деле. Пусть вам сопутствует удача.
Вся общественная деятельность города не обходится без участия учителя и их подопечных, поэтому сердечно благодарю за помощь.
Дорогие учителя! Дети вас уважают и любят.  Желаем творческих удач во всех ваших начинаниях. С праздником!

психолог Мусаева
Айгерим Адилдақызы
Астана қаласы
№53 «Мерей» балабақшасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.