Home » Жаңалықтар » Құрметті шығармашыл педагогтер, іскерлік танытып, өз тәжірибелеріңіздің өміршеңдігін ортаға салуға асығыңыздар!

Құрметті шығармашыл педагогтер, іскерлік танытып, өз тәжірибелеріңіздің өміршеңдігін ортаға салуға асығыңыздар!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы мектепке дейінгі білім беру, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру мен жоғары білім беру ұйымдарына арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайын өтетін республикалық конкурсы басталғанын хабарлай отырып, астаналық білім беру ұйымдарының оқытушыларын, мұғалімдерін, тәрбиешілері мен әдіскерлерін дүбірлі сайысқа қатысуға шақырады.

Аталмыш конкурс Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: кірістер мен өмір сапасының артуы» атты Жолдауларын іске асыру аясында өткізіледі.

Конкурс білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі білім беру, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру мен жоғары білім беру ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларын және озық тәжірибелерін таныстыру мен тарату формаларының бірі болып табылады.

Конкурстың мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру. Сонымен қатар педагогтің мәртебесін нығайтуға және оның беделін көтеруге жәрдемдесу, үздік педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету, білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, Қазақстан Республикасы виртуалдық білім беру кеңістігінде үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер қорын ұлғайту.

Конкурс туралы толық ақпаратты берілген сілтеме арқылы Астана филиалының сайтынан алуларыңызға болады: http://orleuastana.kz/panorama-pedagogicheskih-idej/

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.